Мақалада Ресейдің империялық басқаруына қарсы азаттық күресі контекстінде XIX ғасырдағы ақын-жыраудың поэтикалық шығармаларының қарсылықты тіліне талдау жүргізіледі. Сүгір Мырзалыұлының (XIX ғ.) 1969-1870 жылдардағы «Ереженің» өмірге енгізілуіне байланысты дүниеге келген «Болғанда ханың қазық, биің арқан» деп басталатын өлеңі мен «Ауа бір көштік бір күнде» шығармасы, Шыныяз Шонайұлының (XIX ғ.) «Жаңа низам» поэмасы мен «Жебесі шыны болаттан садағымның» өлеңдері мәтіндік талдауға түскен.
Бұл этникалық орыс емес әдеби дереккөздердің - постколониялық поэтиканың жарқын мысалы ретінде ұсынылған. Осы шығармалар мысалында автор тарихи шындықты постколониялық қабылдау дискурсы аясында алып зерттейді, осы өлеңдер мен поэмаларды екі түрлі оқу мүмкіндігін көрсете отырып, автор патша үкіметінің енгізген "жаңалықтарына" деген халықтың көзқарасын, психологиялық жәй-күйін семантикалық субтексттермен талдайды. Мәтінаралық өлшем авторларды қазақ мәдениетіндегі "зар-заман" тақырыбымен байланыстыруға, постколониалдық, поскеңестік Қазақстанда авторлар қолданатын әдістердің бірі деп тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Мақсаты отаршылдыққа қарсы күрес аясында туындаған әдеби шығармалар мен шығармашылықты талдау арқылы ұлттық әдебиеттің постколониялық аспектілерін ашу. Ақындар шығармашылдығына постколониялық тәсілді қолдану арқылы оқиғаның жалпы көрінісі мен сол оқиғаның жасырын жақтарын байқауға болады. Зерттеу өз тәуелсіздігі үшін күрес кезеңінде қазақтардың ұлттық бірегейліктің тілдік аспектілеріне әдеби мәтіндік талдауға жүгінеді.