Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

AҚCУAТ АЙМАҒЫНЫҢ ТAРИХЫ МEН ДAМУ БAРЫCЫ

Жарияланған September 2024

38

19

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
Аңдатпа

Ақсуат ауданы – Абай обылысының құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы – Ақсуат ауылы. Көп деректерде Ақсуат ауданының тарихы 1935 жылдан басталады делінеді. Дегенмен, мақалада бұл аймақтың тарихы тереңде екенін ашық көрсетіп жазылған. Аудан атауы 1868 жылы Рeceй импeрaтoры Aлeкcaндр II «Oрaл, Тoрғaй, Aқмoлa жәнe Ceмeй oблыcтaрын бacқaру жaйлы Уaқытшa Eрeжe» Жaрлығынa қoл қoйғaн кeзeңнeн бaстaу aлaды. XVIII ғасырда жергілікті аңыз-әңгімелерде «Ақсуат» сөзі қолданылғаны туралы әртүрлі деректер де кездеседі.
Ақсуат ауданы батысында Аягөз және Жарма аудандарымен, солтүстігінде Көкпекті ауданымен, оңтүстігінде Үржар, Мақаншы аудандарымен мен ҚХР аумағымен, шығысында ШҚО-ның Тарбағатай ауданымен шектесiп жатыр. Орналасу аймағы тарихи, саяси, әлеуметтік тұрғыда маңызы бар аудан болғандықтан, әр кезеңдегі өзгерістер, даму барысын қазіргі таңда да тақылау өзекті болып табылады. 1997 жылы 23 мамырда Ақсуат ауданы жойылып, оның аумағы Тарбағатай ауданына берілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығына сәйкес 2022 жылы 7 маусымда Ақсуат ауданы Тарбағатай ауданының құрамынан бөлініп, жеке аудан болып қайта құрылды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Муратказин М.М. і Кариева Т.А. 2024. AҚCУAТ АЙМАҒЫНЫҢ ТAРИХЫ МEН ДAМУ БAРЫCЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 82 (Вер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.82.3.010.