Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҰЛЫБРИТАНИЯ - КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ (АНТИФАШИСТІК КОАЛИЦИЯ)

Жарияланған September 2024

33

21

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Аңдатпа

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы антифашистік коалицияның дипломатиялық тарихы осы күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтпаған мәселелердің бірі. Әсіресе фашистік Германия Кеңес Одағына соғыс ашқаннан кейін басқа мемлекеттер, соның ішінде Ұлыбритания мен Құрама Штаттар  антифашистік коалиция құруда басшылықты өз қолдарына алды.

Германияға қарсы соғыста біріккен әскери қимылдар жасау туралы 1941 жылы 12-ші шілдеде қол қойылған КСРО мен Ұлыбритания өкіметтерінің арасындағы келісім антигитлерлік коалицияны құруда ең алғашқы қадам болды. Антигитлерлік коалицияның құрылуына, байланыстардың және ынтымақтастықтың орнауына 1941 жылы күзде өткен үш держава – КСРО, Ұлыбритания мен АҚШ-тың Мәскеу конференциясы маңызды рөл атқарды. Бұндай келісімдерге қол жеткізуге ағылшын елінің дипломатиялық өнері үлкен әсерін тигізгені сөзсіз.

Дегенмен, мәскеулік келіссөз барысында бірқатар мәселелер бойынша КСРО мен Англия арасындағы қайшылықтар жойылған жоқ болатын, сонымен қоса өзара көмек көрсету туралы бағдарлама жобасы да шығарылмаған еді. Алайда келісім КСРО мен Англия арасындағы достық, одақтық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік болды. Ол фашизмге қарсы күресіп жатқан мемлекеттердің одағын құруда маңызды рөл атқарды.

Германияға қарсы біріккен қимыл-әрекеттер туралы ағылшын-кеңес келісіміне қол қою, сонымен бірге, экономикалық мәселелер бойынша ағылшын-кеңес келісімінің сәтті аяқталуын да алдын ала анықтады. Ағылшын-кеңес келісімінің бекітілуі Кеңес Одағында да, Англияда да үлкен құрметке ие болды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Мукатаева З.К., Берікболова А.Ж. і Шуланбекова Г.К. 2024. ҰЛЫБРИТАНИЯ - КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ (АНТИФАШИСТІК КОАЛИЦИЯ). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 81, 1 (Вер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.82.3.006.