Бұл мақалада Семей сынақ полигонына қатысты әлемдік ғалымдардың еңбектері жинақталып, жүйеленіп, тақырыптық-бағыттық негізде сараланды. Зерттеудің басты мақсаты – Семей ядролық сынақ полигонына қатысты ғылыми әдебиетке кешенді библиографиялық шолу жасау. Зерттеу нысаны ретінде әлемдік ғалымдардың ғылыми еңбектері мен тұжырымдары алынды. Әрбір ғылыми еңбекте келтірілген деректер мен ғылыми тұжырымдарға эмпирикалық, сандық-сапалық зерттеу тәсілдері негізінде сараптама жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде, Кеңес өкіметінің ресми мәлімдемелері мен сынақ аймағына жақын орналасқан жергілікті халықтың шынайы өмірі мен шетелдік ғалымдар тұжырымдары арасында елеулі айырмашылықтар бары анықталды. Нақтылай кетер болсақ, америкалық, жапондық, қытайлық және ресейлік ғалымдардың зерттеу еңбектерінде келтірілген Семей сынақ полигонының тарихынан бастап, жарылыс болған кезеңдегі экономикалық-әлеуметтік мәселелер, экологиялық қауіпсіздікке қатысты тұжырымдар, географиялық картографиядағы мәліметтер айырмашылығы, құқықтық заңнамалар негізіндегі айырмашылықтар сараланып, Семей полигонының зерттелмеген аса өзекті мәселелері мен бағыттары айқындалды. Сондай-ақ, Семей сынақ полигоны жарылыстарының жер қыртысына әсері немесе сейсмикалық ықпалы, радиоактивті ластану, радиацияның адам ағзасына әсері, генетикалық мутацияларға қатысты ғылыми тұжырымдар мен экологиялық салдар – бұл тақырыптың аса өзекті әрі маңызды екенін көрсетті. Зерттеу қорытындысы, Семей ядролық сынақ полигонына қатысты зерттеу еңбектеріндегі мәліметтер мен тұжырымдардың айырмашылық коэфициенті аса жоғары екендігі айқындалып, аталған тақырыпқа қатысты ғылыми тұжырымдарды қайта қарау қажеттілігі анықталды.
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Семей полигоны
ядролық сынақтар
экология
халық денсаулығы
радиоактивті ластану
библиографиялық шолу
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Жәнібек, М., Оспанова, А. і Мухамеджанова, Р. 2024. СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫ: БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 82 (Вер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.82.3.030.