Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДІНИ ӨМІРІ

Жарияланған December 2024

35

43

Торайгыров университет
ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
Аңдатпа

Бұл мақала Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынастар мәселесіне арналған. Соғыс жылдары барлық күштерді жұмылдыруды талап етті және ойлау формаларының екі түрінің арасындағы шекараны жойды. Үкімет пен діни ұйымдардың көздеген ортақ мақсаттарына қарамастан мемлекет басшылары дінге сақтықпен қарап, дінге қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыра берді. Осы мақалада Қазақстан аумағындағы дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдардың алуан түрлілігі, олардың халық арасындағы қызметі, сондай-ақ соңғысының оларға деген тұрақты қызығушылықтары қарастырылған. Діни мекемелер мен олардың қызметін бақылау жөніндегі кеңестік органның қызметі – «Жауынгер атеистер одағының» жұмысы ерекше қызығушылық тудырады. Бұқаралық көрмелер, дәрістер, көркемдік қойылымдар, конференциялар және басқа да іс-шаралар арқылы белсенді насихат жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған ұйымға жаңа кадрларды дайындау бойынша курстар мен семинарлар ұйымдастырылды.

Мақаланың мазмұны негізінен жергілікті жердегі діни ахуалдың күрделілігін және халықтың жаппай діндарлығын растайтын Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің мұрағат материалдарына негіз-делген. Кеңес өкіметі басшылығының діни сезімдердің кез келген көрінісіне жол бермеу мақсатындағы шаралары көрініс тапты.

pdf (English)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
А.М. Турлыбекова, А.М. Садыкова і Шабамбаева, А. 2024. ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДІНИ ӨМІРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 83 (Груд 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.83.4.004.