Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҰЖЫМДАСТЫРУ САЯСАТЫНА ҚАРСЫЛЫҚТАР

Жарияланған May 2021

159

150

Аңдатпа

1920 жылдарда кеңестік билік жүйесінің нық орнауы қазақ халқының дәстүрлі шаруашылық жүйесіне де үлкен өзгерістер алып келді. 1928 жылғы қазақтың ауқатты және орташа топтарын тәркілеу науқаны, қазақтан шыққан текті әулеттерді жою саясаты кеңестік билікке деген бұқаралық наразылыққа ұласты. Ұжымдастыруға қарсы 372 көтерілістің шығу себептері осылай басталды.
Мақалада ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ даласында орын алған саяси өзгерістер сипатталады. Әсіресе, аталған жылдары ұжымдастыру саясатының кеңестік билікке қарсылық танытқан қазақ халқының қасіретті тағдыры баяндалған. Кеңестік билікке қарсылықтар Қазақстанның әр өңірінде әрқилы сипатта көрініс берді. Ұжымдастыру саясатына қарсылық мақалада көрсетілгендей, екі сипатта көрініс берген. Алғашқысы, шекаралық аудан халқының сырт елдерге үдере көшуі болса, екіншісі қолына қару алып жергілікті билік өкілдері мен күштік құрылымдарға қарсы көтеріліске шығу жағдайында орын алды. Зерттеу жұмысында мәселеге қатысты тарихнамалық шолу жасалып, соңғы шыққан деректік жинақтар қамтылды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Кенжебекова, А. 2021. ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҰЖЫМДАСТЫРУ САЯСАТЫНА ҚАРСЫЛЫҚТАР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 66 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-5461.31.