Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ - ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ФЕНОМЕНДІК ҚҰБЫЛЫС

Жарияланған December 2024

48

44

СКУ им. М. Козыбаева
Северо-Казахстанский университет имени Манаша Қозыбаева
Алматинский университет энергетики и связи имени Гумарбеак Даукеева
Аңдатпа

Ғылыми мақалада қазақ руханиятына өлшеусіз із қалтырған Алаш зиялыларының рухани мұрасы ғылыми тұрғыда жан-жақты зерделенеді. Өткен ХХ ғасырдың басында озық идеяларымен тарих сахнасына шыққан Алаш қайраткерлері, қазақ халқының азаттығы мен тәуелсіздігі үшін қалыптасқан жүйеге қарсы шығып, саяси додада мықты екендерін дәлелдей білді. Өз идеяларының өміршеңдігін жақсы білген олар өздерінің жолын қуатын ізбасарларды дайындаудың аса маңызды мәселе екендігін ескере келіп, жастарға ұлттық рухта тәрбие беруге ұмтылды. Қазіргі кезде Алаш қайраткерлерінің артынан қалған құнды тарихи-рухани мұраны зерделеу қажеттігі тұр.

Олардың еңбектеріне, мақалаларына, бағдарламалық ұстанымдары мен олар қолданысқа енгізген құжаттарға жан-жақты зерттеу жүргізіп, ғылыми негіздеу бүгінгі ғалымдардың міндеті. Алаш қозғалысы-ның өзіндік бір ерекшелігі ретінде оның жаппай ұлттық сипатқа ие болғандығының белгілі бір өңірмен шектелмей, қазақ жерінің барлық аймағын қамтығанын олардың сол өңірлермен байланысты іс-әрекет-тері дәлелдеп отыр. Сонымен бірге, еліміздің солтүстік өңірі Алаш қайраткерлерінің тағдырында елеулі орын алып, өзіндік із қалдыруына ықпал етті. Осы тұрғыдан алғанда Солтүстік Қазақстан өңірінде дүниеге келген және сол өңірде қызмет жасай отырып Алаш қозғалысына белсене араласқан қазақ зиялы қауым өкілдерінің рухани мұрасы ғылыми мақаланы жазуға арқау болды.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ibrayeva, A., A.S. Temirkhanova і B.Zh. Kabdushev 2024. АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ - ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ФЕНОМЕНДІК ҚҰБЫЛЫС. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 83 (Груд 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.83.4.003.