Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫ: ҰЙЫМНЫҢ ӨТКЕНІ, БҮГІН ЖӘНЕ ЕРТЕҢІ

Жарияланған December 2024

31

41

Южно-Казахстанский университет им, М. Ауэзова
Казахско-Турецкого университета имени Ходжи Ахмета Ясауи
Аңдатпа

Түркі мемлекеттерінің ұйымы еуразиялық географияда тиімділігі артып, стратегиялық одаққа айналу-да. Халықаралық жүйенің үнемі өзгеріп отыратын құрылымы жағдайында аймақтық интеграциялық бастамалардың маңыздылығы артып келеді. Мемлекеттер Еуропалық Одақ, Еуразиялық экономикалық одақ және Шанхай ынтымақтастық ұйымы сияқты әртүрлі ұйымдар арқылы өз мүдделерін барынша арттыруға ұмтылады. Түркі мемлекеттері ұйымы аймақтық ұйым ретінде түркі әлемі үшін өте маңызды құрылым болып табылады. Түркі әлемінің өзара әрекеттестігі Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін шағын қадамдардан басталып, бүгінде кеңейіп келеді. Халықаралық жүйе құрылымындағы өзгерістер мен аймақ-тық оқиғалар Ұйымның маңыздылығын арттыра түседі. Мемлекеттер Ковид-19 індетінің экономикалық құлдырауы және Украина-Ресей жанжалынан туындаған энергетикалық және азық-түлік дағдарыстары сияқты үлкен қиындықтармен жалғыз күресе алмайды. Осы тұрғыда Түркі мемлекеттері ұйымына осы ұйымға мүше Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның, әсіресе Түркияның маңыздылығы артып келеді. Ұйымға кіретін мемлекеттердің әрқайсысының стратегиялық артықшылықтары бар. Мысал ретінде Түркияның аймақтық қуаты мен Қазақстан және Әзірбайжанның энергия қорын келтіруге болады. Сондықтан әр түрлі мәселелерде күшті жақтары бар мемлекеттер ұйымға мүше әрбір мемлекеттің ұйым аясында күш біріктіруі маңызды. Бұл зерттеу түркітілдес елдер саммитінен бастап Түркі мемлекеттері ұйымының тарихи дамуын қарастырды. Түркі әлеміндегі интеграциялық күш-жігердің тарихи үдерісте болған өзгерістері талданады.

 

pdf (Русский)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Батырбеккызы, Г. і Б.А. Жамелов 2024. ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫ: ҰЙЫМНЫҢ ӨТКЕНІ, БҮГІН ЖӘНЕ ЕРТЕҢІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 83 (Груд 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.83.4.010.