Мақалада Мыңтөбе қорымындағы ақым қабірлерді зерттеу нәтижелері талқыланады. Мыңтөбе қорымы Келес өзенінің төменгі ағысындағы су баспайтын биік терассада орналасқан. Қорымдағы археологиялық қазба жұмыстыры 2017 жылы бастау алған. Аталмыш жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінің Археология ғылыми-зерттеу институның археологиялық экспедициясы бірнеше обада қазба жұмыстарын жүргізіп қорымдағы қабірлердің құрылымына, сонымен қатар жерлеу дәстүріне және материалдық мәдениетіне байланысты алғашқы нәтижелерді алған. Осы кезде шартты түрде №1 деп белгіленген обадан наус қабір анықталса, №3 деп белгіленген обадан «Т» түріндегі катакомбалық қабір анықталған. 2023 жылы жүргізілген қазба жұмыстары кезінде №9 және №10 обаларда дромосқа перпендикуляр жалғанған «Т» түріндегі катакомбалық қабірмен қатар дромостың қапталынан ақым қабір анықталды. Қабірдің мұндай құрылымдық түрі бұрын белгісіз болатын. Мақалада №9 және №10 обалардың ерекшелігі, қаңқалардың жату қалпы мен табылған заттар тұтастай қарастырылған. Табылған заттар бойынша салыстырмалы талдау жасалған. Сонымен қатар қаңқалардан алынған тістерге радиоуглеродтық сынама жасалып екі обаның абсолютті мерзімі айқындалған. Қорытынды бөлімде пікірлер келтіріліп ғылыми тұжырым жасалған.
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
Келес, оба, қорым, катакомба, мерзімдеу, хронология
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Малдыбекова Л. і Айтқали А. 2024. МЫҢТӨБЕ ҚОРЫМЫНДАҒЫ АҚЫМ ҚАБІРЛЕР ХАҚЫНДА. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 82 (Вер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.82.3.017.