Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНА ҚАТЫСТЫ ШЕТЕЛДІК ДЕРЕКТЕМЕЛЕР

Жарияланған September 2024

18

19

Alikhan Bokeikhan University
Alikhan Bokeikhan University
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Аман Рахметуллин

Рахметуллин Аман Капанович - Alikhan Bokeikhan University ББМ-де 
әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты.  

Аңдатпа

Жер бетіндегі кез-келген халықтың өткен дәуірлерден сыр шертер рухани құндылығы, мазмұнды мұрасы бұрынғы мен келешек арасын жалғастыратын шежірелі қазына – көне дәуірлерден сыр шерткен жазба ескерткіштері екенін ешкім жоққа шығара алмасы хақ. Тарихи мәдени жәдігерлердің әртүрлілігі мен әралуан мазмұны өркениетті қоғамның іргелі белгісі, ұлттық және мемлекеттік бірегейліктің интеграциялық құрамдас бөлігі болып табылады. Халықтың ұлттық сипаты, ой - өрісі, әдебиеті мен өнері өте күрделі және тыңғылықты зерттеуді қажет ететін категориялар.                Тарихи даму көрсеткендей, адамзат өзінің бастауларына – ғасырлар бойы жинақталған көне жазба ескерткіштеріне жүгіне отырып жасақтайды. Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар рухани алғышарттар, тиісті мәдениет, білім, интеллектуалдық әлеует және оларды дамытуға деген қызығушылық бар жерде және олар арқылы өркениетті кеңістікте ұлттың өзін-өзі бекітуінде көрініс беретіні белгілі.

Бүгінгі жаһандық бәсекелестік әлемнің барлық халықтарының өткен дәуірлер тарихын, халқының рухани мәдениетін, тілі мен дәстүрін құрметтей біліп, ең бірінші кезекте көне дәуірлерден жеткен бабалар мұрасын жинақтап, жазба ескерткіштерін көзінің қарашығындай сақтап, келешектегі тарихи танымының тамырын ертеден іздеуді талап етіп отыр. Яғни, әрбір жаңа дәуірдің куәсі болған айтулы оқиғалар, кезеңдер тек жазба әдебиет ескерткіштерінің беттерінде сақталды. Демек,жазбаша ескерткіштердің маңыздылығын түсініп, тарихи тұрғыдан таразылап сақтап, олардың көлемін арттыру бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Мархаба, Ә. і Рахметуллин, А. 2024. ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНА ҚАТЫСТЫ ШЕТЕЛДІК ДЕРЕКТЕМЕЛЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 82 (Вер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.82.3.014.