Мақалада түркілік ортағасырлық әдебиеттің көркемдік әлемі туралы ғылыми негізделген тұжырымдаманы қалыптастыру үшін Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет әлемінің көркемдік және тілдік бейнесін жалпы филологиялық зерттелген.
Онда Алтын Орда әдебиетінің ғылыми негізделген парадигмасын қалыптастыруға бағытталған. Филология ғылымының жүйе қалыптастырушы категориясы – әлемнің көркемдік және лингвистикалық бейнесі негізінде Алтын Орда әдебиеті түркілік орта ғасырлардағы тарихи, мәдени, философиялық және эстетикалық дискурстардың көрінісі ретінде талданады. Алтын Орда әдеби дәуірінің негізгі мета-сюжеттері айқындалады.
Зерттеулерді жүргізудегі негізгі тәсілдер ізденістердің кешенділігі, жүйелілігі мен заманауи талдау стратегиялары мен әдістемелерінің қолданылуында болып табылады. Құрылымдық, теориялық, салыстырмалы-тарихи, жүйелік, синергетикалық талдау әдістері, сондай-ақ интегративті және пәнаралық тәсілдер қолданылатын болады. Жобаның негізгі ғылыми мәселелері онтологиялық, тарихи-салыстырмалы, құрылымдық-семантикалық, танымдық, лингвомәдени талдау, дискурсивті-рецептивті поэтика және рецептивті эстетиканың негізгі қағидаларымен байланысты.
Мақаланың ғылыми жаңалығы алғаш рет Алтын Орда әдебиетібіртұтас генезисімен және эволюциясымен көркемдік, лингвистикалық, мәдени-тарихи құбылыс ретінде жүйелі және жан-жақты зерттелетіндігімен анықталады.
АЛТЫН ОРДАНЫҢ ӘДЕБИ ЕСКЕРТКІШТЕРНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Жарияланған May 2021
81
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Даутова, С. 2021. АЛТЫН ОРДАНЫҢ ӘДЕБИ ЕСКЕРТКІШТЕРНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 66 (Трав 2021).