Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ХIХ Ғ. АЯҒЫ МЕН ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ ДАЛА ӨЛКЕСІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЖЕР ҮШІН КҮРЕС ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ - МӘМБЕТӘЛІ СЕРДАЛЫҰЛЫ. (ТАРИХНАМАЛЫҚ АСПЕКТІСІ )

Жарияланған June 2024

64

12

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры
Ufa Law Institute of MIA of RF Doctor of Historical Sciences
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры
Аңдатпа

Мақалада ХIХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы Дала өлкесіндегі қазақтардың жер үшін күресін жаңа деңгейге көтерген, жалпы алаш ұлттық-демократиялық қозғалысының көрнекті өкілі Мәмбетәлі Сердалыұлының азаматтық тұлғасы мен күрескерлік жолының қалыптастасу кезеңдері, және жер үшін күрес қайраткерінің өмірі мен қызметі тарихамалық аспектіде қарастырылады. Бүгінгі тарихнамада аталған кезеңдегі Ақмола – Көкшетау өңірінің  қоғамдық - саяси тарихы мен осы өлкеден шыққан   ХХ ғ. бірінші ширегіндегі ұлт-азаттық  күрес қайраткерлері туралы зерттеу- еңбектер  әлі де болса    да сирек кездесетіндігін атап өткен жөн. Солтүстік Қазақстанның белгілі қайраткері Мәмбетәлі Сердалиннің  тұлға ретінде қалыптасуының негізгі кезеңдерін, қоғамдық-саяси қызметінің мән-мазмұнын тарихнамалық аспектіде ашып көрсету мақаланың негізгі мақсаты болып табылады.

Мәмбетәлі Сердалыұлы туралы алаш саяси қозғалысы өкілдері туралы зерттеулерде, публицистикалық мақалаларда  ұшырасады. Көпшілік жұртшылыққа Мәмбетәлі Сердалыұлы тұлғасы  негізінен көркем әдеби  шығармалар арқылы ғана таныс. Аталған мақалалар өмірбаяндық сипатта жазылған, оның қоғамдық-саяси көзқарасы мен қызметі  жан – жақты ашылып, бүгінгі тарихи таным тұрғысынан зерттелінбей келеді. Осы келтірілген дәйектер  ХХ ғасыр басындағы Дала өлкесінің қоғамдық-саяси өмірінде үлкен орынға ие болған Мәмбетәлі Сердалыұлы сынды қоғамдық – саяси қайраткер тұлғасының  арнайы зерттеу объектісі болмағандығын аңғартады.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Zh. Ossipova, R. Bukanova і A.Bekseitova 2024. ХIХ Ғ. АЯҒЫ МЕН ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ ДАЛА ӨЛКЕСІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЖЕР ҮШІН КҮРЕС ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ - МӘМБЕТӘЛІ СЕРДАЛЫҰЛЫ. (ТАРИХНАМАЛЫҚ АСПЕКТІСІ ) . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 81 (Чер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.81.2.028.