Бұл ғылыми-зерттеу мақаласында Османлы мемлекетінің 1908 ж. кейінгі саяси және мәдени әрекеттерінің түрліше дамуы мен формациялануында «Иттихат және Теракки» мүшесі болған- Зия Гөкалптың қоғамдық-ағартушылық қызметтері зерттеу аясына алынады. Зия Гөкалптың тікелей ұйымдағы жағдайымен қатар, сол дәуірдің ең таңдаулы оқу ордасы деп танылған «Дарулфунун» университетіндегі қызметі де ерекше маңызды. Зия Гөклап Стамбулға келгеннен соң унивверситеттегі оқытушылық қызметінің көмегімен жас ұрпақалдындағы ықпалын да күшейтіп алған-ды. Діни мектептердің бірінде біраз уақыт әлеуметтану пәнінен дәріс бергеннен кейін, 1915 ж. Стамбул университеті әлеуметтану профессоры атанады. Османлы империясының І Дүниежүзілік соғысындағы жеңілісі, Гөкалптың Стамбулдағы жемісті жұмыстарының да соңы болды. 1918 ж. «Мондре уақытша келісімінен» кейін Джонтүріктердің басым бөлігі елден бас тартты. Жолдастарының табандылығына қарамастан Стамбулда қалуын жалғастырған Гөкалп ағылшындар тарапынан тұтқындалып, 1919 ж. жазында Мальтаға жер аударылды. Жер аударудың тауқыметі мен қаржылай қиыншылықтарына қарамастан, төзімділігін жоғалтпады және жолдастарының көңілдерін көтеріңкі ұстауларына септігін тигізді.
ТҮРКИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ ҰЛЫ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ФИЛОСОФ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГ ЗИЯ ГӨКАЛП
Жарияланған June 2024
56
11
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Gekimoglu, V.S.F. 2024. ТҮРКИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ ҰЛЫ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ФИЛОСОФ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГ ЗИЯ ГӨКАЛП. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 81 (Чер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.81.2.027.