Мыңтөбе қорымы Түркістан облысы, Келес ауданына қарасты Ғани Мұратбаев ауылынан оңтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан. Қорымда 600 – ден астам оба бар. Бұлардың пішіні шеңбер, тамшы және тақия тәрізді. 2017 жылға дейін қорымдағы қабірлердің құрылымы, жерлеу дәстүрі мен материал-дық мәдениетінің қандай екендігі белгісіз болып келген. Аталмыш жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің археологтары №1 және №3 обаларда қазба жұмыстарын жүргізіп алғаш рет жерлеу дәстүріне қатысты деректер алған болатын. Осыдан кейін бұл қорымда 2022 жылға дейін зерттеу жұмыстары жүргізілмеді. Араға бес жыл салып Ғылым және жоғары білім министрлігінің қаржыландыруымен қазба жұмыстары қайта жалғасын тапты. 2022 жылы екі, 2023 жылы бес обадан жерлеу дәстүріне, дүниетанымға және материалдық мәдениетке қатысты құнды деректер алынып, бірқатар мәліметтер легі жинақталды. Бұл мәліметтер Мыңтөбе қорымындағы қабір құрылы-мын, жерлеуден алдын және жерлеу кезіндегі рәсімдері мен жерлеуден кейін арқарған культтік жоралғы-ларын және дүниетанымын белгілі мөлшерде қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бірінші кезекте мақалада осы күнге дейін қазылған обалар жайында тұтастай мәлімет келтірілген. Осыдан кейін қабір-лердің түрлері, жасалу технологиясы, жерлеуге дейін және жерлеу кезіндегі рәсімдері мен жерлегеннен кейіңгі культтік жоралғылары қарастырылып жерлеу дәстүрінің болжамды реконструкциясы жасалған.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Гурсой, Сиздиков Б. і Ержигитова A. 2024. МЫҢТӨБЕ ҚОРЫМЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕУ ДӘСТҮРІНІҢ РЕКОНСТРУКЦИЯСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 81 (Чер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.81.2.023.