Бұл ғылыми-зерттеу мақаласында Қазақ қоғамындағы билер институтының XVIII-XIX ғасырлардағы қалыптасуы, дамуы және қызметі қарастырылған. Қазақ хандығы кезеңінде билер болған. Ол дәстүрлі қазақ қоғамның әлеуметтік жіктерінің бір тобын құраған. Яғни, әлеуметтік-саяси категория болып табылады. Билер қазақ даласында әр ғасырда өмір сүрді. Олар өздерінің ақыл-парасатымен ел басқаруға араласқан, аймақты немесе ауылды ұйымдастырып жүретін қабілетті адамдар болды. Әр кезеңде өмір сүрген билер заманына қарай елді басқарған. Тарихқа назар аударсақ, олар дәстүрлі қазақ қоғамында Қазақ хандығы құрылғаннан бері XV-XVIII ғасырлар аралығында елді басқарған әлеуметтік элиталық топ болды. Олардың статусы мен сословиесінде елеулі өзгеріс XVIII-XIX ғасырларда болған. Билер институты Патшалық Ресей империясының әкімшілік басқаруы кезеңінде өзгеріске түсті. Одан кейін Ресей империясының 1822 және 1891 жылдардағы саяси реформалары негізінде әкімшілік басқаруға тәуелді би және старшындар ретінде қызмет атқарғандары болды. Демек, қазақ халқының дәстүрлі қоғам-дық құрылысы өзгеріске ұшырады және бұзылды. Осы аталған қазақ қоғамындағы билер институтын әлеуметтік құрылым ретінде қарастыру үшін Отандық және шетелдік авторлардың еңбектері пайдаланыл-ды және архив деректері, құжаттар жинағы ғылыми айналымға тапртылды.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Еңсенов, Қ., Пусырманов Н.С. і Сураганова З.К. 2024. ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БИЛЕР ИНСТИТУТЫ (XVIII-XIX ғғ.). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 81 (Чер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.81.2.022.