Қазіргі таңда қазақстандық білім беру үрдісінде жоғары оқу орны шеңберінде және де жалпы орта білім беруде оқушыларды немесе білімгерлерді жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыру мақсаты басты орынға шығарылуда. Осы тұста білімгердің және де жалпы оқушылардың қиялдау, ойлау, есте сақтау, зейіні іспеттес танымдық қабілеттері мен танымдық іс-әрекеттерін дамыту да сол «жан-жақты кемелденген тұлға» ретінде қалыптастыруда шешуші фактор ролін ойнайды. Сондықтан да қазіргі педагогика ғылымының алдында тұрған басты міндет-білімгерлер мен оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін, танымдық қабілеттерін өз деңгейінде қалыптасып, дамуын қадағалау, осы аталғандардың дамуына жағдайлар жасау болып табылады.
Мақалада ЖОО шеңберінде, оның ішінде Қазақстан тарихы курсында білімгердің сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастырудың кейбір тәсілдері қарастырылған
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ САБАҒЫНДА БІЛІМГЕРДІҢ СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР ТӘСІЛДЕРІ
Жарияланған May 2021
117
61
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
технология, педагогикалық инновациялық технология, сыни ойлау, білімгер, әдіс-тәсілдер, әдістеме.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Апашева , С. 2021. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ САБАҒЫНДА БІЛІМГЕРДІҢ СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР ТӘСІЛДЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 66 (Трав 2021).