Мақалада Кеңестік Қазақстандағы саяси репрессия кезінде жазықсыз қуғындалған Қаратастық ишандар тартқан тауқымет Шымкент қаласы полиция департаментінің арнайы мемлекеттік архивінің құжаттары және тергеу материалдары, т.б. өңірлік мұрағат материалдары негізінде зерттеп-зерделенеді. Сонымен қатар, кеңестік жүйенің дінге, ишан-молдаларға қарсы репрессиялық саясаты, Оңтүстік өңіріндегі жаппай жазаланған дін өкілдерінің талайлы тағдыры да тарқата талданады. Сондай-ақ, молда-ишандарға қарсы қозғалған жасанды қылмыстық істің ақ-қарасын айыруға біршама талпыныс жасалады. Оңтүстікте сүргін көрген молда-ишандардың да тізім-тізбесі беріліп, зерттеуші аталған тақырыпқа жаңаша тарихи көзқарас қалыптастыруға ұмтылады. Одан бөлек, мақалада сол кезеңдегі «Ақ жол» газетінде жарық көрген дінге қарсы мақалаларға да тиісінше талдау жасап, молда-ишандар ұрпақтарының естеліктерін де өз зерттеуіне өзек етеді. Анықталған ретроспективті құжаттар кешені жеке хаттармен, өз қолымен жазылған өмірбаяндармен және т.б. ұсынылған. Табылған хаттардың көпшілігі қолжазбалық түпнұсқа мәртебесіне ие, латын және қазақ тілдеріндегі хаттардың аудармасын қоспағанда, олар машинамен басылған куәландырылған көшірме түрінде ұсынылады. Мақаланың материалдары жаппай қуғын-сүргін құрбандарының түрлі санаттарына қатысты құқықтық және саяси негіздерді, сондай-ақ репрессиялық саясаттың нақты тетіктерін зерделеуге мүмкіндік береді.
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Жаңа Қазақстан, архив материалдары, молда-ишандар, саяси репрессия, ақтау үдерісі, атеистік саясат.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Отарбаева, Г. і Р.А., К. 2024. САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІННІҢ ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН ҚАРАТАСТЫҚ ИШАНДАР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 81 (Чер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.81.2.003.