Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ҚАРСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ

Жарияланған June 2024

57

48

Алматинский Технологический Университет
Алматинского Технологического университета
Алматинского Технологического университета
Аңдатпа

Бұл мақалада Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы Қазақстандағы діни ахуал қарастырылған. Діннің қоғамдағы реакциялық рөлі туралы идеялар бұқараның қоғамдық санасына белсенді түрде енгізілді. Дінге қарсы кең ауқымды, белсенді үгіт-насихат пен діни ұйымдардың қызметіне қатаң идеялогиялық бақылау жүргізілуіне, мешіттердің, шіркеулердің және храмдардың жабылуына, дін қызметкерлері мен діндарларлды Кеңес үкіметінің жаппай құрғын-сүргініне қарамастан, елдегі халықтың діндарлық деңгейі айтарлықтай жоғары сақталды.

Қазақстандағы діни ұйымдар Кеңес өкіметінің қиын жағдайында жұмыс істеді, бұл жағдайда мемлекет діни фактор мен діни ұйымдарды әлеуметтік институт ретінде елемеді. Дінге қарсы күрес үшін құрылған мемлекеттік органдар, соның ішінде «Жауынгер атеистер одағы», мемлекеттің дінге қарсы саясатының негізгі жүргізушісі бола отырып, бұл мәселе бойынша мемлекеттің тапсырмаларын орындады.

      30-шы жылдардың екінші жартысынан бастап елде қоғамның барлық салаларына енген тоталитарлық режим қалыптасты. Жаппай қуғын-сүргін елдің барлық әлеуметтік топтарын қамтыды, әсіресе мемлекет тұрғысынан жат ресми идеологияның тасымалдаушылары болған діни сенімдегілер мен діни қызметкерлерге қатты әсер етті. Жүргізіліп жатқан саясаттың, елеулі салдарының бірі еліміздің барлық діни ұйымдарының толыққанды діни қағидалармен өмір сүре алмауы және өз мәдениетін дамыта алмауы болды.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Джунусбаева, А., Шамшиденова Ф.М. і Маликов Б.У. 2024. ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ҚАРСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 80, 4 (Чер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.81.2.012.