Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ТАУҚЫМЕТТІ ТАҒДЫРЛАР

Жарияланған September 2024

15

16

КазНПУ им.Абая
Аңдатпа

Мақалада автор Қазақстанда ХХ ғасырдың 30-50 жылдарында орын алған саяси қуғын-сүргін тарихын нақты фактілер мен мысалдар негізінде пайымдаған.  Сол кездегі заңсыздық пен озбырлық талай қазақ зиялыларының өмірін қиды. Сол бір қасіретті жылдарда күштік құрылымдар мен сот жүйесі шындыққа тікелей қараудан мүлде алшақтағанын құжаттар негізінде ашқан. Әйтпесе, бір аптада жүздеген, бір айда мыңдаған «халық жауларын», алашордашыларды, шетел тыңшыларын т. б. әшкерелеу мүмкін емес қой. Советтер елінің әлеуметтік негізін жұмысшы табы мен колхозшы шаруалар одағы құрайтынын әлемге жариялаған тоталитарлық билік ең ауыр жазаны тап сол қарапайым еңбек адамдарына қарсы қолданды. Оның шектен шыққан екі түрін айтуымыз да, айыптауымыз да керек. Бірі – тұтас әулетті қуғын-сүргінге ұшырату, екіншісі – «халық жауының» отбасын ойрандау.

Мақала мақсаты – бүкіл қоғамның, жекелеген әулеттердің, нақты адамдардың, соның ішінде әйелдер мен балалардың қасіретін құжаттар негізінде ашу.  Автор, соның ішінде,  Жүргенов, Қалменов, Бірімжанов әулеттеріне жасалған қиянатты талдай отырып,  саяси қуғын-сүргін жоспарлы түрде жүрген деген қорытынды жасайды. Ол тоталитаризм табиғатынан, оның қылмыстық идеологиясынан туындаған еді.

pdf