Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

БОСҚЫНДАРДЫ ШЫҢЖАҢНАН ҚАЙТАРУ ЖӘНЕ ОРНАЛАСТЫРУ: СЕБЕПТЕРІ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ (1920-1923 жж.)

Жарияланған June 2024

43

6

Аңдатпа

XX ғасырдың бірінші ширегіндегі ұлт-азаттық көтеріліс пен Кеңес өкіметі орнаған алғашқы жылдардағы саяси қысымнан бас сауғалап Батыс Қытайдың Шыңжаң провинциясына өткен қазақ-қырғыз босқындар тағдыры жеткілікті зерттелмеген. Өңірлердегі әртүрлі саяси, әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан құтылудың шарасы ретінде шекара асудың тарихи тәжірибесі бұрыннан қалыптасқанымен, XX ғасырдың басындағы Жетісудағы ауыр жағдай босқыншылықтың бұрын-соңды болмаған деңгейдегі толқынын туғызды. Батыс Қытайға бет алған босқындар қатарын Қазақстанның оңтүстік-шығысының дүнген, тараншы, қазақ, қырғыз, орыс-казак тұрғындарымен солтүстік Жетісу майданында жеңіліс тапқан қарулы ақгвардияшылар топтары да толықтырды. Шыңжаң билігі ақгвардияшыл  жасақтардың қаруын қабылдап алып, белгілі деңгейде азық-түлік көмегін бергенімен, өңірдегі босқындар проблемасы шешімі күрделі мәселеге айналды. Жетісу босқындарын Шыңжаңнан қайтару жөніндегі Түркістан АССР партия және атқару органдарының ұстанымы, арнайы комиссия қызметі түрінде іске асты. Босқындар жөніндегі кіші комиссия бөлімдері Құлжа, Шәуешек аудандарында да құрылды. РСФСР сыртқы байланыстар халкомы «Іле хаттамасы» түріндегі дипломатиялық актілер арқылы бейбіт және рақымшылық жасалған әскери босқындарды қайтару жұмыстарына араласты. Ұсынылып отырған мақалада босқындардың Шыңжаңдағы жағдайы, босқындар жөніндегі кіші комиссиялар, НКИД өкілдерінің Батыс Қытайдағы қызметі, Синьцзян билігінің босқындарға көзқарасы, құлдыққа сатылған босқындарды қайтару мәселелері отандық және шетелдік тың архив материалдары, жарияланған құжаттар жинақтары және естеліктер негізінде зерттелген.  Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында гуманитарлық сала мамандарын дайындау үдерісінде  XX  ғасырдың бірінші ширегіндегі әлеуметтік тарих және миграция мәселелері бойынша қосымша оқу құралы ретінде пайдалануға болады.      

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Стамшалов, Е. 2024. БОСҚЫНДАРДЫ ШЫҢЖАҢНАН ҚАЙТАРУ ЖӘНЕ ОРНАЛАСТЫРУ: СЕБЕПТЕРІ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ (1920-1923 жж.). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 81 (Чер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.81.2.029.