Мақалада Ұлы Отан соғысы жылдары солдаттың бейнесі мен тәрбиелеу туралы ойлары мен философиялық көзқарастары жазылған Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының Мәскеу қаласындағы Ресей мемлекеттік әдебиет және өнер архивінде түпнұсқасы сақталған бірнеше бөлімнен тұратын тарихи құжаттарға («Көк дәптер») талдау жүргізіледі.
Бауыржан Момышұлының көк дәптері бүгінгі өскелең ұрпақ үшін таптырмас тарихи жәдігер болып саналады. Батыр, жазушы - ерлік-жігердің, күш-қайраттың, ақыл-парасаттың, ар-ожданның иесі болды. Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы екінші дүниежүзілік соғыста көрсеткен ерлігі, әсіресе Мәскеу түбіндегі ерлігі ғасырдан-ғасырға жалғасын табатын құбылыс. “Отан үшін отқа түс - күймейсің” деген ұраны барлық қазақ халқын туған жерін сүюге, Отанын жаудан қасық қаны қалғанша қорғауға шақырады. Бауыржан Момышұлының ерлігі кешегі елін, жерін, тілін қорғаған ата-бабаларымыздың ғасырда бір-ақ рет қайталанатын ерлігінің жалғасы. Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында қатал әскери басшы ғана болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің жетекшісі, мейірман тәрбиешісі де болды.
Мақалада Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас», «Ана әмірі», «Жон арқа», «Адам қайраты» шығармалары мазмұнының педагогикалық аспектілері қарастырылады.