Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ЕРТІС ӨҢІРІНДЕГІ ЖЕР ДАУЛАРЫ МҰРАҒАТ ҚҰЖАТТАРЫ ПРИЗМАСЫ АРҚЫЛЫ (1920-1930 жж.)

Жарияланған December 2024

34

23

Университет имени Шакарима г. Семей
Аңдатпа

Мақаланың негізгі мақсаты - Ертіс өңіріндегі Кеңес өкіметі тұсындағы, яғни 1920-1930 жылдардағы жер қақтығыстарын зерттеуге арналған. Мақала мұрағат құжаттары негізінде жер дауларының қалып-тасуы мен шешілуіне әлеуметтік, экономикалық және саяси факторлардың әсерін қарастыруға, сондай-ақ қоғам мен билік органдарының осы өзгерістерге реакциясын бағалауға бағытталған.

Зерттеу жұмысының міндеттерінің бірі зерттелетін кезеңнің мән мәтінін және маңыздылығын көрсету үшін аймақтағы ең маңызды оқиғалар мен тенденцияларды қамтитын тарихи алғышарттарға шолу жасала отырып, жер қатынастарына әсер еткен саясат пен жер реформалары қарастырылады. Авторлар Ертіс өңіріндегі жер дауларының негізгі себептерін, оларды шешу тетіктерін және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін анықтау мақсатында сол кездегі жер құқығы, сот шешімдері, әкімшілік актілері және басқа да ресурстарға қатысты құжаттамаларды талдайды. Сондай-ақ мұрағат материалдарынан нақты жер дауларына мысалдар келтіріліп, олардың негізгі субъектілері мен қақтығыстардың динамикасы қарастырылады.

Жер дауларын мұрағат материалдары призмасы арқылы зерттеу Ертіс өңіріндегі жер дауларының қалыптасуы мен шешілуінің тарихи аспектілерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл жер қатынас-тарының қазіргі проблемаларын түсіну және осындай қақтығыстарды шешудің тиімді стратегияларын әзірлеу үшін маңызды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Oralbekova, A., K.K. Baysarina і G.A. Abenova 2024. ЕРТІС ӨҢІРІНДЕГІ ЖЕР ДАУЛАРЫ МҰРАҒАТ ҚҰЖАТТАРЫ ПРИЗМАСЫ АРҚЫЛЫ (1920-1930 жж.) . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 82, 2 (Груд 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.83.4.026.