Мақалада КСРО-ның мемлекеттік-партиялық жүйесініңбала тәрбиесіне бұқаралық ақпараттың бір түрі-балалар әдебиеті арқылы әсер ету жолдары қарастырылады. Зерттеу пәні сол кездегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің маңызды бөлігі болып табылатын кеңестік кезеңдегі қазақ балалар әдебиеті.Материалдар ретінде мұрағаттық құжаттар мен ақын-жазушылардың еңбектері алынды. Тарихи-жүйелік, тарихи-салыстырмалы зерттеу әдістері қолданылды. КСРО-дабалалар әдебиеті 16-18 жасқа дейінгі оқырманға ғана емес, сонымен бірге мемлекет тұрғысынан маңызды идеологиялық функцияға ие болды. Партиялық және мемлекеттік органдар жүйелі негізде балалар әдебиетінен ел азаматтарының балаларын нақты ұстанымдары бар азаматтарды тәрбиелеу құралын жасады. КСРО-дағы мәдениеттің барлық түрлері, соның ішінде балалар әдебиеті де жаңа қоғам құру және жаңа адамды тәрбиелеу мәселесін шешуге шақырылды. Газет пен журналдар беттерінде С.Кирабаев, А.Тәжібаев, А.Нұрқатов, С.Сейтов, А.Дербісалин, С.Ордалиев, Б.Сахариев, Н.Ғабдуллиндердің қазақ балалар әдебиетінің түрлі жанрлары туралы мақалалары жарияланды. Кеңес әдебиетініңықпалында жеке тұлға ретінде қалыптасып келген балалар, коммунистік қоғамның мүшелері болды, сондықтан КСРО Коммунистік партиясы мен Кеңес үкіметі жастар тәрбиесі саласында балалар әдебиетіне маңызды рөл берді.Балалар кітабы дербес көркем құбылысқа айналып, жаңа адамның қалыптасуы үшін идеологиялық күресте қуатты құрал ретінде, ал балалық шақ - жоғары идеалдарға сай келетін адамды тәрбиелеуге ықпал ететін маңызды кезең ретінде қарастырылады.
БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ – КЕҢЕС АЗАМАТЫНЫҢ ИДЕАЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ (1950-1980 жылдардағы қазақ балалар әдебиеті мысалында)
Жарияланған December 2024
35
51
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
КСРО, идеология, съезд, КПСС, қаулы, балалар, кеңестік балалар әдебиеті, жазушылар, әңгімелер.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Бекмагамбетова, М., Руслан Бекмагамбетов і Э.Т. Нурпеисова 2024. БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ – КЕҢЕС АЗАМАТЫНЫҢ ИДЕАЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ (1950-1980 жылдардағы қазақ балалар әдебиеті мысалында). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 83 (Груд 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.83.4.002.