Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ САЯСИ БАҒЫТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ АЯТОЛЛА ХОМЕЙНИДІҢ РӨЛІ

Жарияланған September 2024

14

13

Аңдатпа

Мақалада Иран Ислам Республикасы сыртқы саяси бағытының қалыптасуындағы аятолла Хомейнидің рөлі қарастырылады.  Ислам революциясының жеңісінен кейін Иранның сыртқы саяси бағыты түбегейлі өзгерді. Оның қалыптасуы ислам революциясының көсемі аятолла Хомейнидің діни-саяси ілім негізінде жүзеге асырылды. Хомейни шах режиміне қарсы күрес жылдары оппозиция басшысы ретінде қалыптасты. Мохаммед Реза шах Пехлеви тұсында Иран АҚШ-тың одақтасына айналып, елдің ішінде Американың ықпалы күшейген болатын. Сондай-ақ шахтың «ақ революция» саясатының салдары әлеуметтік жіктелісті күшейтіп, монархиялық билікке қарсы күштерді біріктіреді. Монархиялық режимге қарсы күрес жылдары Хомейнидің сыртқы саясат бағдарламасы қалыптасады.

Ислам режимінің сыртқы саяси бағытының қалыптасуы ислам факторы және азаттық пен тәуелсіздік идеялары негізінде жүзеге асырылады. Ислам революциясының жеңісінен кейін жарияланған «Батыс та емес, Шығыс та емес, тек ислам» саясаты  негізінде ислам режимі суверениттетік пен толық тәуелсіздік бағытын ұстануға көшеді. Ислам діні мен ұлттық мүдделерге негізделген сыртқы саясат принциптері ИИР конституциясында бекітіледі. «Хомейни кезеңінен» кейін халықаралық қатынастар жүйесі өзгерістерге ұшырағанымен, оның ілімі қазіргі Иранның сыртқы саясатындағы маңыздылығын жоғалтпады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Базаркулова Б.К. і Кенжебек Г.Т. 2024. ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ САЯСИ БАҒЫТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ АЯТОЛЛА ХОМЕЙНИДІҢ РӨЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 82 (Вер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.82.3.024.