Кіріспе. Ғылыми мақалада Түркия Республикасындағы фарабитану ғылымының қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан фарабитанушы-ғалымдар және олардың мұралары туралы айтылады. Түркия Республикасындағы фарабитану ғылымының қалыптасуы XX ғасырдың 30-жылдарымен тұспа-тұс келеді. Бұл уақытта Анкара университетінде Тіл және Тарих-География факультетінің негізі қаланды. Үш жылдан кейін аталмыш факультетте философия тобы құрылды. Тіл және Тарих-География факультетінің философия тобында зерттеуші-ғалым Айдын Сайылы жұмыс жасап, әл-Фараби, Ибн Сина және басқа да ортағасырлық ойшылдар хақында көптеген ғылыми зерттеулерді жазды. Авторлар Түркиядағы фарабитану ғылымының қалыптасуы мен дамуына қатысты бірнеше тарихи тұлғалардың қызметімен және олардың мұраларымен (Нежати Акдер (Nejati Akder), Айдын Сайлы (Aydın Sayılı), Фуат Сезгин (Fuat Sezgin), Нежати Лугал (Nejati Lugal), Мубахат Түркер-Күйел (Mübahat Türker-Küyel), Ремзи Демир (Remzi Demir) және т.б.) таныса алды. Аталмыш мақала Түркия елінің шәкіртақысы негізінде Анкара шаhарындағы Анкара Хажы Байрам Вели жоғары оқу орнының қабырғасында дайындалды. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Түркия Республикасындағы фарабитану ғылымының қалыптасуы мен дамуын және өкілдерін анықтау және Айдыны Сайылы бастаған фарабитанушы-ғалымдардың ғылыми еңбектеріне шолу және талдау жұмыстарын жүргізу. Нәтижелер. Авторлар Түркия Республикасындағы фарабитану ғылымының қалыптасуы хақында Түркия Республикасының Ұлттық кітапханасы, Ататүрік мәдени орталығының кітапханасы және өзге де ғылыми кітапханалардың қорындағы еңбектермен танысып зерделеу арқылы аталмыш ғылымның өкілдерін біле алды. Қорытынды. Қазақстан Республика-сында және Өзбекстан Республикасында фарабитанудың қалыптасуы мен дамуын зерттегеннен кейін авторлар Түркия Республикасындағы фарабитану ғылымының қалыптасуы мен дамуы хақында анықтауға әрекет жасалды.
АЙДЫН САЙЫЛЫ ЖӘНЕ ТҮРКИЯДАҒЫ ФАРАБИТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
Жарияланған June 2024
101
69
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ташағыл, З.О., Д. і Имангалиев, А. 2024. АЙДЫН САЙЫЛЫ ЖӘНЕ ТҮРКИЯДАҒЫ ФАРАБИТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 80, 4 (Чер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.81.2.004.