Мақалада Қазақстанның қазіргі қоғамындағы билік философиясы қарастырылады. Биліктің негізгі элементтері субъект, объект және құралдар болып табылады. Билік субъектісі белсенділік, бағыттаушы бастауға ие жеке тұлға, орган, ұйым, әлеуметтік бірлестіктер болуы мүмкін және бұл субъектілер билік ету еркіне, беделге ие болуы керек, сонымен қатар басқарушылардың тыныс-тұрмысынан хабардар болу, өкілетті атқарушы қызметіне сай, білімді іскер болуы қажет. Биліктік қатынастардың мазмұны бұйрық, өкімдер арқылы, жекенің еріктерін біріктіре отырып жалпы ерікті қалыптастыру, жаза шараларын қолдану арқылы оны бұзғандарға әсер ету, мінез-құлықтарды нормалау арқылы жалпы мүддеге сай ережелерді қалыптастыру болып табылады. Билік әр кезде де екі жақты байланыс, яғни ол қатынас субъект және объект арасында болады. Билік объектісіз өмір кеше алмайды, ол дегеніміз билікке бағыну-шы халық, әрине тарихта объектінің субъект билігіне қарсылығы да жиі кездесіп жатады, яғни ұлт- азат-тық қозғалыстар, көтерілістер, қарулы қақтығыстар түрінде билеушілерге қарсылықтар білдіріліп жатады. Объект сапасы тұрғындардың саяси мәдениеттілігіне тікелей байланысты. Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде бұрынғы одақтас республикалардың қайта құрылуы барысында қалыптасқан президенттік институт жетекші саяси жүйеге айналды. Сол кезеңдегі саяси жағдайдың тұрақсыздығынан, әлеуметтік-экономикалық саладағы көптеген реформаларды аяғына дейін жеткізу қажеттілігінен туындаған бұл шара өзін ақтады. Жаңа мемлекеттілік іргетасы қаланып, қоғамдық дамуды реттеп, бағыттауға қабілетті бірыңғай мемлекеттік билік қалыптаса бастады. Қоғамдық келісімге қол жеткізуде мемлекеттік билік тармақтарының бірлесе отырып іс-қимыл жасау тетіктері конституциялық деңгейде қалыптасты.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БИЛІК ФИЛОСОФИЯСЫ
Жарияланған April 2024
26
37
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Suleimen Dinmuhammed 2024. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БИЛІК ФИЛОСОФИЯСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 80 (Квіт 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.80.1.035.