Кеңестік дәуірде Қазақстан депортацияланған этностар шоғырланған одақтас республикалардың бірі болды. Қазақ халқы қуғындалған өзге ұлт өкілдеріне қонақжайлылықтың жарқын үлгісін көрсете білді. Жергілікті қоғамнан таршылық сезінбеген депортацияланған этностар өздерін емін-еркін ұстау-ға тырысты. Бұл мәдени құбылыс депортацияланған этностардың арасынан саяси-мәдени қайраткер-лердің өсіп шығуына жағдай жасады.
Грек, корей, армян, әзірбайжан, шешен, ингуш және неміс сынды депортацияланған этнос өкіл-дерінен шыққан саяси-мәдени қайраткерлер Қазақстан тарихында өзіндік орындарын алды. Олардың саяси татулық пен мәдени ынтымақтастықты жаңғыртуға қосқан үлестері арнайы зерттеулер мен тарихи пайымдауларды қажет етеді. Бұл ғылыми қадамдар қазіргі Қазақстанның этносаралық қарым-қатынастарының нығаюына жоғары септігін тигізетіндігі сөзсіз.
Кеңестік дәуір мен тәуелсіз Қазақстан кезіндегі депортацияланған этнос өкілдеріне бағытталған саяси-идеологиялық және мәдени қарым-қатынастар аспектілері өзіндік ерекшеліктерге ие болды. Кеңестік кезеңде депортацияланған этностардың мәдени дамуына жоғары көңіл аударылмады. Осы-ған байланысты көптеген саяси-мәдени қайраткерлер өздерінің адами әлеуеттерін айқындауға мүмкіндік ала алмады. Ал, қазіргі Қазақстанда депортацияланған этнос өкілдерінің ұрпақтарының саяси-мәдени белсенділік танытуына шарттар жасалған. Депортация тарихының өзекті тұстарын ғылыми талдау мен қоғамға таныстыруға жол ашылған.