Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МУЗЕЙЛЕРДІҢ ТАРИХИ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ

Жарияланған April 2024

45

62

Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі
Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – Түркістан облысында тарихи музейлердің басым бөлігі шоғырланған. Музейлердің тарихи сананы қалыптастыру мен дамытудағы рөліне қатысты зерттеулер соңғы уақыттары ғылымда кеңінен қарастырыла бастады. Музей қызметі мен қоғамның түрлі қабаттарының арасындағы тығыз диалогтың тарихи түсінікті жылжытатындығы сөзсіз. Әсіресе, музейлердің бай қорымен мектеп оқушыларының жетік таныс болуы маңызды саналады. Осы мақсатта бұл зерттеу жұмысында Түркістан облысындағы музейлердің тарихи сананы айқындаудағы рөліне жан-жақты талдау жасалынды.

Зерттеу жұмысының міндеттерінің бірі музейлердегі тарихи мұраны тиімді пайдалану мен ұлттық сананы жаңғыртудағы бағыттарына назар аударумен анықталады. Музейлердің жұмысына қазіргі ғылымда ұлттық тарих пен мәдениетті үйлестіретін қоғамдық институт ретінде баға беріліп келеді. Осыған сәйкес, Түркістан облысындағы музейлердің қоғамдық белсенділігі мен нақты тарихи-мәдени жұмыстардағы нәтижелеріне талдау жасау міндеті алға қойылады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі қазіргі инновациялық технологиялардың адам өмірінде жетекші мәнге айналып бара жатқандығымен өлшенеді. Өскелең ұрпақ заттарды визуалды түрде қабылдауға дағдыланды. Олардың осы қабілет ерекшелігін музей саласында қолдана отырып, тарихи-рухани сананы дамыту маңызды болып табылады. Бұл үшін, музейлердің қазіргі қоғамдық сұранысқа жауап беру компоненттерін зерттеу қажеттілігі туындайды. 

Зерттеудің нәтижесінде Түркістан облысындағы музейлердің қоғамдық үрдістерге ықпал ету және байланысу тетіктеріне тұжырым жасалынды.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Маханов Н.И., Адилбаева А.С. і Ахметова Д.М. 2024. ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МУЗЕЙЛЕРДІҢ ТАРИХИ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 80 (Квіт 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.80.1.027.