Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТОРЕВТИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДАҒЫ ФАНТАСТИКАЛЫҚ ЖАНУАРЛАР БЕЙНЕЛЕРІ

Жарияланған May 2021

233

60

Аңдатпа

Мақалада қимақтардың торевтикалық бұйымдарында кеңінен таралған ғажайып жануарлар бейнелері қарастырылған. Қимақтар – Обь және Ертіс өзендерінің аралығында IX ғасырда мемлекет құрған түркі тайпалары. Қимақтардың торевтикасы негізінен өсімдік элементтерімен бейнеленеді, сонымен қатар, антропоморфты, зооморфты және геометриялық элементтерде жиі кездеседі. Солардың ішінен ғажайып жануарлар бейнелері ерекше көрсетілген. Бейнелерді қалыптастыру барысында көшпелі өнер дәстүрі анық көрінеді. Қимақтардың торевтикалық бұйымдарында жыртқыш мысық, айдаһар, самұрық құсы, грифон, Сенмурв, қанатты жылқы секілді алып жануарлар мен құстар бейнеленеді. Олар киімдерді сәндегенде, жауынгерлік және жылқы жабдықтарын дайындағанда қолданылған. Бейнелердің барлығы дерлігі жергілікті дәстүрге ие. Мысалы, жыртқыш құс, арыстан және ит бейнелерінің композициясынан тұратын Сенмурв кейіпкері, Ертіс өзенінен табылған айылбаста ит бейнесіне ғана ұқсатып салынған.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Хасенова, Б. 2021. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТОРЕВТИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДАҒЫ ФАНТАСТИКАЛЫҚ ЖАНУАРЛАР БЕЙНЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 66 (Трав 2021).