Түркістан - Орта Азия мен Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі. Бұл қала туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІV-ІХ ғасырдан бастап Шавғар деген атпен кездесе бастайды. Бүгінгі таңда қазақ ұлтының жаңаруы мен мемлекет тәуелсіздігінің қалыптасу процесі жүріп, Қазақстан Республика-сының дүниежүзілік тарихи дамудағы орны анықталып жатқан кезде, қоғам өміріндегі күрделі құбылыс-тармен тығыз байланыста қаралатын өткен тарихи шындықтарды қалпына келтірудің маңызы артып отыр. Орта Азия мен Қазақстан аумағында тарих түкпірінде пайда болып, түрлі шапқыншылық кезең-дерде басқа елді-мекендер сияқты өшіп кетпей, қазіргі уақытқа дейін өмір сүріп келе жатқан саусақпен санарлық қалалардың бірі ол – Түркістан қаласы.
Бүгін көне қала Түркістаннан табылып, күні бүгінге дейін сақталған жәдігер жайында айтуды жөн көрдік. Мақалада Орта Азия мен Қазақстанның кейбір аймақтарындағы сандал-ошақтары мен оның шығу тарихы хақында сөз қозғалады. Әр өңірдегі археологиялық зерттеулер барысында тұрғын үйлерден сандал-ошақтар көптеп анықталғанымен, сандал-ошақтың стөлімен табылғаны жоқтың қасы. Бұл зерттеудің маңыздылығы кейінгі кезең болса да, сандал-ошақтың стөлімен бірге табылуы. Орта Азия мен Қазақстанның басқа халықтарымен қатар, қазақ халқында да сандал-ошақтың болғандығынан дәлелдеме-лер келтіре отырып хабардар етіледі. Мақаламыздың мақсаты ХІІ ғасырдан бастап кездесетін сандал-ошақтың ХХ ғасырдың екінші жартысына дейін пайдаланылғанын дәлелдеу және ғылыми айналымға енгізу. Сандал-ошаққа шоқ салынғанын көзімен көрген, қызуына жылынған кісінің өз ауызынан естіген әңгімелерменен көпшілік қауымға паш ету.
Сондай-ақ, автор көнекөз қариялар мен көпті көрген апаларымыздың бар кезінде осындай жәдігер-лерді іздеп, деректерді жазып алып, келер ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына тоқталады.