Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫ

Жарияланған December 2024

26

14

ТарРУ им. М.Х. Дулати
Аңдатпа

Мақалада дәстүрлі қазақ қоғамы туралы ғалымдардың көзқарастары мен зерттеулеріне салыстырма-лы талдау ұсынылған. Сондай-ақ дәстүрлі қазақ қоғамының идеологиялық мазмұны, саяси-әлеуметтік құрылымы мен ұлттық құндылықтары талданады. Тарихи сана мен ұлттық мәдениеттің негізін қалыптас-тырудағы дәстүрлі қоғамның орны мен рөлі көрсетілген. XIX ғасырдың басынан бастап патшалық Ресейдің қазақ даласындағы отарлау саясатының, елдің саяси тәуелсіздігінің жойылуының, қоғамның әлеуметтік жіктелуінің күшеюінің, көшпелі экономикадан бейімделудің нәтижесінде отырықшы, ақша-тауар қатынастарының батыл енуі қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымын өзгертті, әлеуметтік қайшылықтарды күшейтті, ал қазақ халқының трайбализмі рулық құрылымның өзгеруіне әкелді. Бұл тақырыпты объективті түрде зерттеу еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана мүмкін болды. Қоғамдық дамудың формациялық және өркениеттік жолдарын әдістемелік сипаттау нәтижесінде көшпенділердің тарихи білімінің ерекшеліктері көрсетілген. Көшпелі халықтардың тарихи жады мен әлеуметтік жадына тән әңгімелеу мен шежірелік сананың ауызша дәстүрінің деректі және тарихнамалық мәселелері тұжырымдалған. Қазақ қоғамында саяси құрылым жүйесінің қалыптасуы мен дамуының этноәлеуметтік жағдайларын сипаттау үдерісінде Еуразиялық көшпелі өркениет тарихы туралы әлеуметтік жадыны қалпына келтіруге әрекет жасалды. Осы бағыттағы зерттеулерге тарихнамалық талдау жүргізілуде.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Г.Б.Идрисова і Серубаева, А. 2024. ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 83 (Груд 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.83.4.027.