Мақалада авторлар археология ғылымында ГАЖ-технологияларды қолдану, алғашқы георадиолокациялық түсірілім жүргізу мәселелері мен георадардың атқаратын функциясын қарастырады. Археологиялық зерттеулерде пәнаралық сабақтастықтың, ГАЖ-технологиялардың маңыздылығы, рөлі талқыланып отыр. Геоақпараттық технологиялардың көптеген түрлері бар, соның бірі – георадар. Магнитометрия мен электротомографияға қарағанда, георадар археологиялық ескерткіштерді геофизикалық зерттеуде перспективтілігі және тиімділігімен ерекшеленеді. Геоақпараттық жүйелер XX ғасырдың 60-жылдарында пайда болған. Посткеңестік елдерде 1990-жылдардан бері геоақпараттық жүйелерді археологиялық зерттеулер барысында қолдануда. 1995 жылы Ресейде ГАЖ-Ассоциациясының құрылуын жоғарыда көтерілген мәселеге дәлел ретінде келтіре аламыз. Отандық археологияда георадиолокациялық түсірілімдер арқылы геосканерлеу соңғы 10-жылдықта қолға алынды. Пәнаралық сабақтастық арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізу бірқатар өзекті мәселелерді шешері сөзсіз
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Бексеитов, Г. 2021. АРХЕОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДА ГАЖ-ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 66 (Трав 2021).