Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ДІН ЖӘНЕ ҚОҒАМ: ТЕОРИЯЛЫҚ-ГНОСЕОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТ

Жарияланған May 2021

85

72

Аңдатпа

«Дін және қоғам: теориялық-гносеологиялық аспект» тақырыбындағы мақала қоғам үшін өміршең, қашанда басты назарда болып келген, аса бір өткірлігімен күн тәртібінен түспей келе жатқан дін мәселесіне арналған. Соның ішінде, дін феноменін зерттеген белгілі ғалымдардың тұжырымдарын зерделей отырып, діннің теориялық-методологиялық аспектілерін талдауға арналған.
Дін анықтамасын және дін мен қоғамның байланысын қарастырған түрлі ғылыми бағыттардағы тұжырымдарды, атап айтқанда, тарихи, эволюциялық, психологиялық, функционалистік, т.б. теорияларды зерделей келе, әр тұжырымның артықшылықтары мен кемшіліктерін, ортақ негіздерін сараптауға бастама жасаған.
Әртүрлі ғылыми саладағы ғалымдардың дінге берген анықтамаларын талдап, мынадай маңызды қорытындылар жасаған:
Біріншіден, әр ғалымның берген анықтамалары белгілі бір ғылым саласымен шектелгендіктен, өзіндік ерекше болатындығы айтылған. Яғни, саясаттанушы немесе әлеуметтанушы берген діннің симпаттамасы психолог, философ, тарихшы, дінтанушы беретін сипаттамадан елеулі өзгеше болады. Екіншіден, дін сияқты күрделі, санқырлы құбылысты түсіндіруде ешбір анықтама толыққанды және түпкілікті ретінде қарастырыла алмайтындығы орынды ескертілген. Сол себепті бүгінгі күнге дейін дінді зерттеудің әдіснамалық негіздері мен міндеттерін әзірлеу, сондай-ақ оның нақты анықтамасын беру мәселесі күн тәртібінде тұр. Осыған орай бірқатар әдіснамалық қиындықтардың туындайтындығын жеткізеді.

pdf