Авторлар Орталық Қазақстан аумағындағы 1930-шы жылдардағы ашаршылық кезеңіндегі мемлекет-тік көмек көрсету шараларын қарастырады. Мақаланың мақсаты Орталық Қазақстан өңірінде аштықтың зардаптарын жою амалдары ретінде қабылданған шараларды, аштыққа ұшыраған халыққа азық-түлікпен көмек көрсету мәселелерін аймақтық аспектіде қарастыру болып табылады. Авторлар архивтық құжаттар мен ғылыми айналымға енгізілген құжаттар жинақтары негізінде аштықтың зардаптарын жою амалдары ретінде мемлекет тарапынан көрсетілген көмек біріншіден, азық-түлік, өнеркәсіптік тауарлар, қарыздар беру; екіншіден, мал шаруашылығын қалпына келтіру үшін отырықшы аудандарда мал ұстауға рұқсат беру; үшіншіден, астық тапсыру жоспарын төмендету, одан босату, бірыңғай ауылшаруашылығы салығын төмендету немесе одан босату арқылы жеңілдіктер жасау арқылы көрсетілгенін анықтайды. Сонымен қатар аштықтың зардаптарын жоюдағы билік органдарының іс-әрекетін, шешімдерін анықтай-ды. Авторлар Нұра аудандық архивынан кеңес билігі тарапынан бидай, тары және т.б. түрінде азық-түлік көмегін алған колхоздардың тізімін анықтап, осылардың негізінде біріншіден, көмек кеш көрсетіліп, көмек шаралары қабылданған кезде қазақ ауылдарында аштық шырқау шегіне жетіп, шаруашылықтар күйреп, халық аштан өліп, аман қалғандары босып кеткені, екіншіден, көрсетілген азық-түлік көмегінің мөлшері жеткіліксіз болғаны, үшіншіден, көмек мөлшері әр шаруашылықтарда әртүрлі болып, кейде көрсетілген көмек кешігіп немесе мақсатқа лайық жұмсалмағаны, төртіншіден, қазақ ауылдарында орын алған жағдайды түзету мүмкін болмағаны туралы қорытындыға келеді.
1930-ШЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫН ЖОЮ АМАЛДАРЫ РЕТІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ КӨМЕК КӨРСЕТУ ШАРАЛАРЫ
Жарияланған June 2024
85
84
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Сактаганова, З. і Сақабай, Т. 2024. 1930-ШЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫН ЖОЮ АМАЛДАРЫ РЕТІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ КӨМЕК КӨРСЕТУ ШАРАЛАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 81 (Чер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.81.2.001.