Мақалада ұлт қайраткерлерін зерттеудің теориялық-әдіснамалық мәселелері қарастырылған. Отан тарихының мазмұнында тарихи тұлғатану мәселесі ерекше орын алады. Кеңестік билік жүйесіндегі қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі мен шығармашылығын зерттеу мен оқыту Ұлы дала тұлғаларын дәріптеуде маңызды болып саналады. Қазіргі таңда тарихи сана қалыптастыру мақсатында тарихи тұлға-тану бағыты Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің мазмұнында оқытылады. Кезінде жазықсыз жазаланған белгілі халқымыздың ұлдарының өмірі мен қызметін зерттеу тарих үшін басты мақсаттардың бірі болып саналады, өйткені тарихты тұлғалар жасайды. Қазақстанның қазіргі заман тарихындағы ұлы тұлғалардың өмірлік қызметінің тарихы қазақстандық отаншылдықты қалыптастыру факторларының бірі болып табылады. Өз заманындағы ұлы тұлғалардың өмірі мен қызметін зерделеу мәселесі ерекше мәнге ие болмақ. Бұл тұлғалар тек тарихты жасап қана қоймай, сонымен бірге сол қоғамның мәдени құндылық-тарын, адамгершілік принциптері мен дәстүрлерін бойында сақтап, оның жетекшісі бола білген.
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Кеңестік билік, тарихи тұлғатану, қазақ зиялылары, Отан тарихы, тарихнама, әдіснама, тәуелсіздік.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Батырбеккызы, Г. 2021. ҰЛЫ ДАЛА ТҰЛҒАЛАРЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 64 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-1.1728-5461.15.