Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ: САЯСИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ

Жарияланған December 2024

49

44

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
Аңдатпа

Ғылыми мақалада 1921-1990 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыстың қиын кезеңіндегі КСРО аясындағы қазақ-түрік қарым-қатынастарының даму мәселелері қарастырылған. Зерттеуге алынған кезеңде Қазақ КСР мен Түркия Республикасы арасында тікелей байланыс болмағанын, тек Кеңестік Ресей басшылығы арқылы мәдени байланыстар болғанын архив деректері дәлелдеп отыр. Османлы мен Ресей патшалығының өзара саяси байланыстары XVI ғасырда қалыптаса бастаған болатын. Алайда, 530 жыл бойынша екі мемлекет арасындағы саяси дипломатиялық қарым-қатынас өзара бәсекелестік пен тарихи күрес барысында жалғасын тапты. Тарихи тұрғыдан екі жақты қарым-қатынастар геосаяси субъектілер арасындағы қарама-қайшылықтар мен әскери қақтығыстарға толы болды. Ынтымақтастық пен одақ болып бірлесіп әрекет жасаған кезеңдер  тек ХХ ғасырдың 20 мен 30 жылдар аралығында негізі қаланды. 1923 жылмен басталып 1939 жылмен шектелген бұл кезеңді екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынас пен ынтымақтастық жылдары деп анықтауға болады. Мақалада Кеңес-Түрік қатынастарындағы Кеңес мемлекетінің Түркия саясатына талдау жасалынған. Кеңес басшылары мен Түркия үкіметі арасындағы саяси байланыстар үш тарихи кезеңге бөліп қарастырылған. 1960-1990 жылдары  қазақ және Түркия арасындағы мәдени байланыстардың дами бастаған алғашқы кезеңі ретінде сипатталады. Зерттеуде Түрік және Ресей ғалымдарының ғылыми еңбектері басшылыққа алынып, Қазақстан Орталық Архив құжаттары негізгі дерек ретінде пайдананылды. Мақалаға салыстырмалы талдау, хронологиялық тарихи әдіс негізінде кең көлемде зерттеу жасалынды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Оспанова, А. 2024. ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ: САЯСИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 83 (Груд 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.83.4.009.