Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТАРИХЫ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ

Жарияланған April 2024

57

79

Akhmet Yassawi University
Аңдатпа

Мақалада түркітілдес мемлекеттердің қалыптасқан тарихи, саяси байланыстары, тілі, діні мәдениеті мен дәстүрлерінің ортақтығын негізге ала отырып, жаһандану жағдайында түркі дүниесі ынтымақтас-тығын одан әрі тереңдету мен даму бағыттары қарастырылады.

1992 жылдан бастау алып бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан түркітілдес мемлекеттер басшыларының қатысуымен өткен саммиттерінің нәтижесінде түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтас-тық кеңесі, тәуелсіз түркі республикалары арасындағы әріптестік қарым-қатынастарды тереңдету, түркі халықтары арасындағы мәдениет, ғылым, экономика саласындағы өзара пікір алмасулар қарқынды дамып келеді. Түркі кеңесінің алға қойған мақсаттары мен міндеттері барынша ауқымды. Атап айтқанда мемлекеттер арасында өзара сенімді нығайту; аймақта және әлемде бейбітшілік орнату үшін бірлескен күш-жігерді қолдау; сыртқы саяси мәселелерге ортақ көзқарас қалыптастыру; халықаралық терроризмге, сепаратизмге, экстремизмге және трансұлттық қылмысқа қарсы күресті бірлесе үйлестіру; ортақ мүдденің барлық салаларында өңірлік және өзара ынтымақтастықты кеңейту; сауда қатынастары мен инвестиция-лар үшін қолайлы жағдай жасау міндеттері Түркі Кеңесінің басым бағыттарын айқындап отыр.

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің жобалары аясында саяси-мәдени және рухани байланыстардың барынша тығыз ынтымақтастық орнатудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері талданады.

Сондай-ақ, жаhандану үдерісі кезіндегі халықаралық саяси тәжірибенің жаңа құбылысы ретінде түркі мемлекеттері ұсынатын ортақ моделі мен ортақ стратегияларының табиғи бірігуін құрайтын негізгі қағидаларының іске асырылуына ғылыми талдау жасалады.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Базарбаев К., Амирбек А. і Акдениз Э. 2024. ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТАРИХЫ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 80 (Квіт 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.80.1.014.