Мақалада Кеңестік кезеңдегі (1946-1960 жж.) Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі ислам діні мерекелері туралы, олардың шығу төркіні, қатаң кеңестік идеология тұсында тойлануы, мешіт-медреселердің ашылуы туралы, атеизмнің белең алып тұрған тұсындағы діни мерекелердің жағдайы қарастырылады. Ресми деп танылған мерекелердің тойлануына тиым салу себептері, басты зиярат орындарына мереке күндері келуге тиым салынуы, мінажат орындарының басқа мақсатта пайдаланылуы жиырма жыл көлемінде қарастырылады. Соғыстан кейінгі елдің ішіндегі тұрмыс-тіршілік, салт-дәстүр, діни құндылықтардың сақталуы үлкен маңызға ие. 1946-1960 жж. арасындағы мұсылман мейрамдарының тойлануы, имамдардың салық саясаты, садақаның түрлері, діни мерекелердің түрлері келтіріледі. Қазақ халқының діни-ислам түсінік-тері оның рухани-моральдық қағидаларында көрініс тапты. Дін мен дәстүр сабақтастығының нақты үлгілері: айт мерекелері, сүйінші сұрау, балаға ат қою, тұсаукесер, жынысына қарай тәрбие беру, сүндеттеу, неке қию, талақ, жерлеу, бата беру, қабір зияраты, өліге құрмет, адал-арам ұғымы тағы сол секілді жағдайларда нақты көрініс бергені рас, дәстүрлі исламды ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге ұмтылған имамдардың ұстанымдары мен тіршілік ету көзі мақалада көрсетілген. Мақалада отандық және шет елдік ғалымдары зерттеу еңбектеріне талдау жасалады. Негізгі дереккөзі ретінде Түркістан облыстық мемлекеттік архиві мен ҚР Орталық меммлекеттік архиві қорындары құжаттар пайдаланылды. Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі діни ахуалды зерттеуде ғылыми сараптау, талдау және салыстыра зерттеу әдістері кеңінен қолданылды.
1946-1960 ЖЫЛДАРДАҒЫ ОҢТҮСТІК ӨҢІРДЕГІ МҰСЫЛМАН ДІНИ МЕРЕКЕЛІК РӘСІМДЕРІ
Жарияланған December 2023
70
96
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Дін, кеңестік идеология, діни мереке, ғылыми атеизм, мешіт, медресе, имам, зиярат ету, кесене, пітір садақа.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Жақсылық, Е. 2023. 1946-1960 ЖЫЛДАРДАҒЫ ОҢТҮСТІК ӨҢІРДЕГІ МҰСЫЛМАН ДІНИ МЕРЕКЕЛІК РӘСІМДЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 79 (Груд 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.79.4.037.