Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІНІҢ КАДРЛАРЫН ДАЯРЛАУ (1970-1991 жж.)

Жарияланған December 2023

60

64

Л.Н. Гумилёв атындағы ЕҰУ
Аңдатпа

Мақалада, Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау ісіндегі медицина кадрларын даярлау ісінің тарихы зерттеледі. Медициналық құрылымдағы басты қызмет ететін қызметкерлерді даярлау ісі – қай кезеңде де маңызды мәселе болды. Сол себепті де 1970-1991 жж. аралығындағы Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау ісінің дамуындағы білікті кадрларды даярлаудың тарихына қатысты архивтік деректерді талдай отырып, ғылыми айналымға енгізіледі. Мәселенің 1970 жылдан басталуы аталған кезеңдегі өңір үшін денсаулық сақтау ісінің қарқынды түрде дамуымен ерекшеленеді. Кеңестік кезеңде кадрлық мәселені шешудің басты белгісі ретінде ірі қалаларда медициналық оқу орындарын ашып, білікті мамандарды даярлауды қолға алды. 1970 ж. өзінде облыс көлемінде үш медициналық училище ашылып, ол тоғыз мамандық бойынша мамандарды даярлаумен айналысты. Нәтижесінде облыстағы медицина мамандарының саны 2.5 есе артып, түрлі емдеу мекемелерінің кадр мәселесі өз шешімін тапқан болатын. Сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесіндегі кадр мәселесін шешудегі республикалық көлемдегі реформалардың маңызы мен өзектілігіне баса назар аударылады. Аталған мәліметтерді Оңтүстік Қазақстан облыстық архивіндегі мәліметтерді жинақтап, жүйелеу нәтижесінде облыстағы кадр мәселесінің ХХ ғ. 70-90 жылдары ең өзекті болғандығын аңғарамыз. Мақаланы жазуда жинақтау, анализ, синтез және деректемелік іздестіру әдістері қолданылды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Алшыкенова, А. 2023. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІНІҢ КАДРЛАРЫН ДАЯРЛАУ (1970-1991 жж.). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 79 (Груд 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.79.4.034.