Қазақ АКСР-інің құрылуымен Қазақ жерінің тұтастығын қалыптастыру мәселесі күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болды. Тарыдай шашылып, Сібір ревкомының, Түркістан АКСР-інің және РКФСР аумағында қалып кеткен тарихи қазақ жерлерін жаңадан құрылған автономия құрамына қосу ісін алаш қайраткерлері өздерінің маңызды миссиясы деп санады. Қазіргі Қазақстан Республикасының аумағының тарихи-құқықтық тұрғыдағы қалыптасуында қазақ зиялыларының еңбегі орасан зор. Бұл күрделі тарихи оқиға жалпы орта мектептерде 9 сыныптың оқу бағдарламасына енгізілген.
Мақалада қазақ зиялыларының қазақ халқының тарихи аумақтарын тұтастығын қалыптастыру кезіндегі қызметі мен рөлі, осы оқиғаның тарихи маңыздылығын білу мақсатында жалпы орта мектепте 9 сыныпта «Action Research-іс-әрекетті зерттеу» педагогикалық тәсілі аясында өтілген сабақтың зертеу талдамасы қарастырылады. «Action Research-іс-әрекетті зерттеу» мұғалімнің күнделікті не істейтінін жалпы бағалау, сонымен қатар мұғалім рефлексиясының заманауи түрі. Іс-әрекеттегі зерттеуді қалай жүргізу керектігін таңдау осы процеске қатысатын қатысушыларға байланысты. Бұл белгілі бір мұғалім-нің, мұғалімдер тобының немесе мектептегі зерттеудің зерттеуі болуы мүмкін. Іс-әрекеттегі зерттеудің мәні мұғалімнің (мұғалімдер тобының) іс-әрекет барысында туындаған белгілі бір мәселені шешу арқылы кәсіби шеберлігін дамытады. Осылайша, іс-әрекетте зерттеу жүргізу арқылы мұғалім өзінің оқыту тәжірибесіне өзгерістер енгізеді. Аталған педагогикалық тәсіл осы тарихи кезеңді оқытуда тиімділігі жоғары және оқушылардың тақырыпты мңгеруде себеп-салдарлық байланысты білу, тарихи оқиғаларды түсініп талдау дағдысын дамытуда маңызды.
ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ ТҰТАСТЫҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДЕГІ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҢЫЗЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ («Іс-әрекетті зерттеу» (Action Research) қазіргі мұғалімнің өзіндік іс-әрекетінің тиімділігін арттыру стратегиясы ретінде)
Жарияланған December 2023
130
88
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Жамелов, Б., Сүлейменова і Базарбаев 2023. ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ ТҰТАСТЫҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДЕГІ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҢЫЗЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ («Іс-әрекетті зерттеу» (Action Research) қазіргі мұғалімнің өзіндік іс-әрекетінің тиімділігін арттыру стратегиясы ретінде). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 78, 2 (Груд 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.79.4.023.