Бұл ғылыми-зерттеу мақаласында Қазақ қоғамындағы Батырлар институтының рөлі мен қызметі қарастырылған. Батырлар институты Қазақ хандығы заманында әлеуметтік сословие ретінде ХVIII-XIX ғасырларда ерекше қоғамдық-саяси қызмет атқарған. Атап айтқанда батырлар тек Отан қорғау шайқастарында ғана емес, ел басқару жүйесінде Хан кеңесіне қатысқан және елшілік қызметтерде мемлекеттер арасында ұзақ сапарларға барған. Мысалы, Абылай хан заманында қазақ батырлары Жоңғария, Қоқан және Цинь империясының басқыншылық жорықтарына қарсы күресті. Ресей мен Цинь империясы арасында дипломатиялық келісімдер мақсатында елшіліктерге барып жүрді. Одан кейін Кенесары хан заманында да батырлаар ерекше қызмет атқарғандығы байқалады. Елді жаудан қорғау, елшіліктерге бару, елді басқару істеріне араласты. Бірақ, Қазақ хандығындағы Хандық билік пен Батырлар институты Патшалық Ресей империясының 1822 жылғы реформасы бойынша жойылды. Батырлар институты қазақ халқының ерекше әлеуметтік тобын құраған. Батырлар институты туралы Отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері қарастырылып, тарихнамалық талдаулар жасалды. Одан кейін архив және қолжазба қорларының материалдары ғылыми айналымға тартылып, еңбекті жазуға пайдаланылды.
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Қазақстан тарихы, Қазақ хандығы, Қазақ Ордасы, Ресей империясы, Батырлар институты, Батыр, Жауынгер, Әскери өнер.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Еңсенов, Қ. 2023. ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БАТЫРЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 78, 2 (Груд 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.79.4.018.