Бұл мақала Рухани жаңғыру бағдарламасы және елбасымыздың Ұлы даланың жеті қыры мақаласы аясына арналған. XVII-XVIII ғғ.соңы Осман империясы мұрағатының құжаттары негізінде ашылған қазақ –түрік қарым-қатынасына арналған баяндама. Автордың басты мақсаты Орталық Азиядағы халықаралық қатынастар тарихына жаңаша көзқарас тудырып және оларға сырттан идеологиялық ықпал етуге мүмкіндік беретін архив құжаттарына талдау жасауы.Түркия, Ресей,Қазақстан елдерінің мұрағат құжаттарындағы қазақ-түрік қарым-қатынасына арналған маңызды деректерге талдау жасалған.
Автор XVII ғасырдың бірінші жартысында - XVIIIғасырдың басында Осман империясы мен Орталық Азия хандықтарының өзара қарым-қатынасы тарихына жарық түсіруге мүмкіндік беретін бұрын жарияланбаған және белгісіз құжаттарды анықтады. Баянаттар, хабарламалар, әртүрлі дипломатиялық және жеке хат алмасулар аймақтағы мұсылман мемлекеттері көшбасшыларының блоктарды құруға және өз ықпалын күшейтуге бағытталған белсенді барлау, саяси және идеологиялық қызметі туралы куәландырады. Бұрын белгісіз құжаттардың негізінде автор халықаралық тарихқа жаңаша қарауға мүмкіндік береді
БЕЙМӘЛІМ ҚАЗАҚ-ТҮРІК ҚАТЫНАСЫНЫҢ ТАРИХИ ЖАҒДАЙЫ
Жарияланған June 2021
73
109
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Хандықтар, империя, сұлтан, грамота, мұрағат, дипломатия
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Қамза , А. 2021. БЕЙМӘЛІМ ҚАЗАҚ-ТҮРІК ҚАТЫНАСЫНЫҢ ТАРИХИ ЖАҒДАЙЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021).