Мақалада халықаралық, аймақтық пен ұлттық дәрежеде жастар парламентаризмін өрістеу үдерісінің күйі көрсетілді. Еуропалық жастар парламентінің, Халықаралық жастар палатасының, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатынасатын елдердің Жастар парламентаралық ассамблеясының (бұдан әрі: ЖПА ТМД) қызметіне шолу жасалды. Бұл ұйым 2012 жылы құрылған және ТМД Парламентаралық Ассамблеясының (бұдан әрі: ПАА) тұрақты әрекеттегі консультативтік-кеңесші органы болып табылады. Оның мақсаты – жас парламентарийлер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту. ЖПА отырыстарында Достастық елдері жастарының ынтымақтастығы мен іс-әрекеті мәселелері, олардың мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруға қатысу тәжірибесі талқыланады. Жастар парламентаризмінің анықтамалары табылып, олардың елеулілері төменде дәйектелді. Қазақстан мысалында жастар парламентаризм дамуының елдік дәрежесі берілді. Осы ағымда жастар мәслихаттары, ҚР Парламенті Сенатының жанындағы консультативтік-кеңесші құрылымдарды ұйымдастыру тәжірибесі қаралды. Республикада жастар парламентаризмінің өркендеу үдерісі жас адамдардың Парламентте және мәслихаттарда өкілдік етуімен және олардың саяси іс-әрекеттерінің жандануымен байланысты. Мақала әр алуандық әдістерді қолданып, нормативті-құқытық актілер, электронды форматтағы басылымдар мен материалдар сүйене отырып жазылды.
ЖАСТАР ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ДАМУЫНЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ
Жарияланған December 2023
55
72
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
жастар, жастар парламентаризмі, жастар форумы, жастар кеңесі, саяси қатысу, Парламент.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Zainiyeva, L. і Суимбаева 2023. ЖАСТАР ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ДАМУЫНЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 79 (Груд 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.79.4.014.