Мақалада кеңестік кезеңдегі репрессиялық саясатты талдай отырып, Қарағанды облысында саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау туралы мәселелер қарастырылады. Қазақстандағы ХХ ғасырдағы репрессиялық саясаттың ерекшеліктері және ақтаумәселелері айқындалып, архив материалдарынан алынған деректер көрсетіледі. Мақаланың мақсаты мен міндеттері: Қарағанды өңіріне арнайы қоныс аударушылар келуіне тарихи тұрғыда талдау жасау; Қарағанды облысындағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін қасіреті туралы деректерді зерделеу; Қарағанды облысындағы саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды архив деректері негізінде талдай отырып, статистикалық мәліметтер көрсету; Осы мақсат, міндеттерге сай Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау кезеңдері айқындалды және Қарағанды облысындағы саяси репрессиялар құрбандарын ақтау мәселелері талданды.
Сонымен қатар мақалада 1920-1950 жылдары Қарағанды облысына, Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен, қуғын-сүргінге ұшыраған және жер аударылған адамдардың орналасу тарихы негізге алынған. Жалпы алғанда Қарағанды облысында жер аударылғандар арасында ең көп халық немістер болғандығы туралы мақалада қөрсетілген. Ақтау мәслесі 1950 жылдардан бастап, жылдар бойыжүргізілгендігі қарас-тырлған.Мақаланы жазу барысында ақтау проблемалары көтерілді, Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау кезеңдері белгіленді.