Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЭТНОЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМІ: ДАЛАЛЫҚ АЙМАҚҚА БЕЙІМДЕЛУДІҢ ТАРИХИ ТӘЖІРИБЕСІ

Жарияланған December 2023

70

76

Astana IT University
Аңдатпа

Жаһандық экологиялық дағдарыс пен климаттың жылынуы жағдайында этноэкологиялық мұраны ғылыми тұрғыда зерделеу мейлінше өзекті болып табылады. Мәселені тарихнамалық талдау көрсетіп отырғандай, академиялық және сарапшылық қауымдастық бейімделудің ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи тәжірибесі мен табиғи ортаға қамқорлықпен қарауға негізделген халықтық білімге жете назар аудармай келеді. Соған сәйкес бұл мақалада қазақ халқының этноэкологиялық практикалары аясында далалық кеңістікке бейімделу мен оны игеру ерекшеліктері талданады. 

Автордың ғылыми әдебиеттерді қорытуы мен фактологиялық материалдар негізінде қазақтардың далалық кеңістіктің табиғи-климаттық ерекшеліктері мен оған бейімделудің маңызды стратегиялары  айқындалды. Сонымен бірге, бейімделу стратегияларын қалыптастыру процесінде этноэкологиялық білім мен практикалар шешуші рөл атқарғаны ашып көрсетілді.

Әлемдік қауымдастықты алаңдатып отырған экологиялық қауіпсіздік, климаттың өзгеруі және оның салдарына бейімделу мәселелері жағдайында Қазақстанның далалық кеңістігін игерудің оңтайлы тарихи тәжірибесі мен тиімді этноэкологиялық практикалары қазіргі адамзат қоғамы үшін қолданбалы маңызға ие болары анық. 

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Шаяхмет, Н. 2023. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЭТНОЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМІ: ДАЛАЛЫҚ АЙМАҚҚА БЕЙІМДЕЛУДІҢ ТАРИХИ ТӘЖІРИБЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 79 (Груд 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.79.4.003.