Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

«ТОҚЫРАУ» КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ҰЛТ МӘСЕЛЕСІ

Жарияланған April 2024

49

72

КАТУ им. С.Сейфуллина
Аңдатпа

Мақалада шартты түрде «тоқырау» деп аталып кеткен кезеңдегі Қазақстанның саяси-идеологиялық ахуалымен қатар, шығармашыл интеллигенцияның қызметіндегі ұлт мәселесі қарастырылған. Сонымен қатар авторлар қазақ зиялыларының аталған кезеңдегі кеңестік жүйенің саясатымен текетіресте күштеп танылған маркстік-лениндік әдіснаманы еріксіз басшылыққа алып, қазақ білімі, ғылымы, тарихы, әдебиетін, ұлттық болмысты сақтап қалудағы міндетін атқаруға тырысып баққандығын зерделеген. Осы жағдайларға байланысты Қазақстан КП ОК-нің қаулылары мен шешімдері жіті талданған. Сонымен қатар қазақ диссиденттерінің де қызметі назардан тыс қалмаған.

Жалған интернационалистік қағидалармен қаруланған тоталитарлық жүйе қазақ халқының шығу тегін, ұлттық болмысының тарихи-географиялық сипатын, этникалық геногеографиясын, көшпенділер эстетикасын даралайтын синкретті мәдениеті терең зерделенген еңбектерді цензурадан өткізбей тыйым салғаны шығармашыл интеллигенция еңбектері мен архив деректері негізінде талданды. Жүйе өз саясатын қолдап қолпаштайтын жасанды идеологияның қызметіне сүйеніп, ұлттардың қосылуы, тілдердің бірігуі сияқты міндеттерді алдына қойған уақытта қазақ интеллектуалдық ой иелері, жазушылар мен ғалымдар саяси тұсауланған заманда өзінің шығармашылығымен ұлттық идеяны насихаттау арқылы ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға бар күш-жігерін салды. Мақалада осы аталған тұжырымдар архив деректері негізінде талданып, дәлелденді.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Коскеева, А., Аубакирова, Х. і Джумагалиева, К. 2024. «ТОҚЫРАУ» КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ҰЛТ МӘСЕЛЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 79, 3 (Квіт 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.80.1.001.