Бұл мақалада Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) кіретін мемлекеттер шеңберінде халықара-лық-құқықтық стандарттарды қолдану мен тиімділігінің теориялық және практикалық аспектілеріне талдау жасалынады. Авторлардың ЕАЭО-ның құқықтық аспектілерін қамтитын кешенді зерттеуі барысында, нормативтік актілерді құру үдерісін қоса алғанда, одақтың құқықтық базасын оңтайландыру бойынша түйінді тұжырымдар мен ұсыныстар жасайды.
Халықаралық-құқықтық норманың тиімділігі осы норманың сапасы мен қолданылуын көрсететін көп қырлы ұғым болып табылатыны атап өтіледі. Халықаралық құқықтық нормалардың сапасы мен жетіл-дірілуін анықтайтын критерийлер талданылады. Авторлар ЕАЭО-ның құқықтық нормаларын жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар береді.
Зерттеудің маңыздылығы, оның нәтижелері бойынша тұжырымдалған ұсыныстар мен тұжырымдар халықаралық құқықты басшылыққа алуға уәкілетті органдар мен тұлғалардың практикасында, халықара-лық шарттарды дайындау және жасасу кезінде, құқық қолдану қызметінде пайдаланылуы мүмкін.
Қорытындылар мен ұсыныстар оқу процесінде халықаралық құқық курсында, арнайы курстарды оқу, халықаралық құқықтық нормалардың қол жеткізілген нәтижесін іске асыру тетігінің проблемаларына қатысты ғылыми әзірлемелер мен оқу құралдарын дайындау кезінде пайдаланылуы мүмкін.