Мақалада Қазақстандағы этнографиялық туризмнің тарихи эволюциясы, оның өсуі мен елдің бай мәдени мұрасы арқылы маңыздылығы қарастырылады. Түрлі этникалық қауымдастықтарымен, дәстүрлі әдет-ғұрыптарымен, тарихи көрікті жерлерімен және көркемдік дәстүрлерімен Қазақстан этнографиялық туризмді сүйетіндер үшін бірегей мүмкіндік ұсынады. Мақалада Үкіметтің ұлттық бірегейлік пен мәдени мұраны сактауға және туризмді насихаттауға бағытталған «Сакральная география» сияқты бастамалары қарастырылады. McKinsey 7s моделін қолдана отырып, туризм индустриясының қазіргі жағдайын баға-лау, өсу мен дамуға қолайлы аймақтарды анықтау үшін талдау жасалады. Сонымен қатар, әлеуметтану-лық сауалнама мәдени мұра негізінде этнографиялық туризмді кеңейту әлеуетін бағалайды. Мақалада этнографиялық туризмді дамытудың көптеген артықшылықтары, соның ішінде жұмыс орындарын құру және мәдени алмасуларды байыту сияқты экономикалық артықшылықтар көрсетілген. Мақаланың негізгі идеясы Қазақстанның мәдени мұрасы мен саяхаттарда шынайы мәдени әсерлерді іздеудің жаһандық үрдісі арасындағы симбиотикалық өзара байланыс болып табылады. Алынған нәтижелер жақсы үйлес-тірілген стратегия және мүдделі тараптармен тиімді ынтымақтастық болған жағдайда Қазақстан этнографиялық туризм үшін жетекші бағыт ретінде өз позициясын нығайта алатынын көрсетеді.
МӘДЕНИ МҰРА ПРИЗМАСЫ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Жарияланған June 2024
67
84
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Кадырбекова, Д., Омаров, К. і Евлоева, А. 2024. МӘДЕНИ МҰРА ПРИЗМАСЫ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 81 (Чер 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.81.2.010.