Оқу-ағарту жұмысы Қазақ жерінде ерте уақыттан бастау алған. Әсіресе, отырықшыланған өлкелерде орта ғасырлардың өзінде-ақ (VII-VIII ғ.ғ.) көптеген оқу орындары мен медреселер жұмыс істеген. Атақты Әбу Наср әл-Фараби Отырар медресесінде, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмед Иүгінеки, Қожа Ахмет Иасауи, тағыда басқа ұлы ойшылдар діни медреселерде оқып, білім алған. XVIII-XIX ғ.ғ. мұндай медреселер Қазақстанның барлық аймағында ашыла бастады. Ал XIX ғасырдың 50-60 жылдарында ашық және жасырын діни білім беретін жалпы саны 84 оқу орны болған болса, 20 ғасырда ол орындардың күрт азайғандығын көреміз. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қазақ өлкесіндегі оқу-ағарту саласына жаңа бетбұрыс белең алғандығы тарих ақтаңдақтарынан белгілі. Сол уақыттағы қазақ баспа беттерінде білім беру мәселесінде озық ойлы тұлғалар тарапынан түрлі пікірлер орын ала бастады. Соның бірі қадимдік оқытудан жәдидтік оқытуға көшу ісі еді. Осы оқу орындарының түрлі өзгерістерге ұшырағанын, жабылуы себептерін, саяси бағытта жүргізілген тұстарын ашып көрсету қазіргі таңның өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр
XIX ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ МЕН XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕДРЕСЕЛЕРІНІҢ ЕСКІШЕ ОҚЫТУ ӘДІСІНЕН ЖАҢА ОҚЫТУ ӘДІСІНЕ КӨШУІНДЕГІ ӨЗЕКТІЛІГІ
Жарияланған June 2021
52
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
медресе, қадим, жадид, раддия, ишан, молда, мұсылман, ұлт, отан, дін, түркі, қазақ, отарлану, пташа үкіметі, революция
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Бердибеков, А. 2021. XIX ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ МЕН XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕДРЕСЕЛЕРІНІҢ ЕСКІШЕ ОҚЫТУ ӘДІСІНЕН ЖАҢА ОҚЫТУ ӘДІСІНЕ КӨШУІНДЕГІ ӨЗЕКТІЛІГІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021).