Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ-ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМ – ҚАЗАҚ КОМИТЕТТЕРІН ҚҰРУДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТАРИХЫНАН

Жарияланған April 2024

35

81

КазНПУ имени Абая
Аңдатпа

Мақалада Алаш зиялыларының ұлттық-қоғамдық ұйым – Қазақ комитеттерін құрудағы қызметінің тарихы қарастырылады. Қазақ комитеттері Алаш қозғалысы аясында 1917 жылы Фераль революциясынан кейін құрылып, Азамат соғысы басталғанға дейін өз қызметін жалғастырды. Қазақ комитеттері қысқа уақыт өмір сүргеніне қарамастан, ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде маңызды рөл атқарды. Қазақ комитеттері ХХ ғасырдың басындағы Алаш зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінің  жемісі болып табылады. Сонымен қатар, Қазақ комитеттерінің қызметі Алаш қайраткерлерінің іскерлігінің, жоғары саяси сауаттылығының,  ұйымдастырушылық қабілетінің көрсеткіші болып табылады. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін қазақ комитеттерін құру  Қазақстандағы ұлттық-мемлекеттік құрылым мәселесін шешудің алғашқы нақты әрекеті болды.  Дереккөзі ретінде архив құжаттары, сол тұстағы «Қазақ», «Бірлік туы», «Сарыарқа» секілді   мерзімді баспасөз материалдары, сондай-ақ Қазақ комитеттерінің қызметіне қатысқан, Кеңестік билік жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған ұлт зиялыларының еңбектері пайдаланылды. Сонымен қатар алаш зиялыларының ұлттық-қоғамдық ұйым – қазақ комитеттерін құрудағы қызметі  тарихына қатысты  деректер  жан – жақты талданған.  Автор  қазақ  халқының зиялы қауымының  қазақ елі  үшін  қызметін қазақ комитеттері арқылы  саралаған.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Махаева, А. 2024. АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ-ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМ – ҚАЗАҚ КОМИТЕТТЕРІН ҚҰРУДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТАРИХЫНАН. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 80 (Квіт 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.80.1.003.